ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мемлекеттік тіл - тәуелсіздік символы
14-12-2022 18:18
Мемлекеттік тіл - тәуелсіздік символы

Павлодар қаласының № 44 балабақшасында 2022 жылғы 14 желтоқсанда мектепке дейінгі ұйымдардың өзге ұлт тәрбиеленушілері арасында «Мемлекеттік тіл - тәуелсіздік символы» қалалық байқауының финалдық туры өтті. Мақсаты - мемлекеттік тілді үйренетін және білетін балаларды қолдау, патриоттық тәрбие беру.

Соңғы кезеңге қаланың мектепке дейінгі ұйымдарының 19 командасы қатысты, байқау ережесіне сәйкес іріктеу турында қазылар алқасы қатысушылар ұсынған бейнематериалдарды бағалады. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша № 4, 24, 42, 96, 112, 126 балабақша командалары финалға жолдама алды.

Екінші кезеңде қатысушылар мемлекеттік тілде «Ойыншықты сипатта» тапсырмасын - қоянды, қасқырды, қуыршақты, мысықты, итті, аюды ауызша сипаттады және үй тапсырмасын  орындады.

Конкурстық тапсырмаларды бағалау нәтижелері бойынша ең көп балл жинаған № 96 балабақша командасы гран-при иегері атанды. Бірінші орынды № 126 сәбилер бақшасының командасы, екінші орынды № 112, үшінші орынды № 24 сәбилер бақшасының командалары иеленді. «Шығармашылық команда» номинациясы № 42 сәбилер бақшасының командасына, «Креативті ұжым» - № 4 сәбилер бақшасының командасына берілді.