Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушылар оқ атудан жарысты
14-12-2022 22:20
Павлодарлық оқушылар оқ атудан жарысты

Павлодар қаласының № 26 мектебінде 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған пневматикалық мылтықтан оқ атудан қалалық жарыс өтті. Білім беру бөлімінің әдіскері Қадырбек Сатыбалдыұлы Раисов өз сөзінде бұл іс-шараның мақсаты өскелең ұрпаққа әскери-патриоттық тәрбие беру, оқ ату спортын насихаттау, қала мектептерінің оқушылары арасында үздік атқыш спортшыларды анықтау болып табылатынын атап өтті.

Биылғы жылы атыс шебіне Малайсары батыр атындағы, Б. Момышұлы атындағы, № 5, 6, 7, 11, 14, 17, 18, 21, 25, 26, 27, 29, 35, 36, 41, 43, Ш. Шөкин атындағы М. Жүсіп атындағы, А. Бөкейхан атындағы, С.Торайғыров атындағы, А. Байтұрсынов атындағы, Ж. Тәшенев атындағы, М. Әуезов атындағы, Кенжекөл, Жетекші мектептерінің 10-сынып оқушылары шықты.

Жарыс бағдарламасында жеке және командалық жарыстар ұсынылды. Төрешілер алқасы мектеп командаларының дайындығы жоғары деңгейде екенін атап өтті. Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте I орынды № 36 ЖОМ командасы, II орынды № 29 ЖОМ командасы, III орынды Б. Момышұлы атындағы ЖОМ командасы иеленді.

Ұлдар арасындағы жеке біріншілікте І орынды № 36 ЖОМ оқушысы Ұлтаев Айдос, II орынды № 25 мектеп оқушысы Камесхан Нұртілек, ІІІ орынды Б. Момышұлы атындағы ЖОМ оқушысы Жасталап Ерсін иеленді. Қыздар арасында I орынды № 36 мектептің оқушысы Төлеубай Жанель, II орынды № 26 мектептің оқушысы Фишер Александра, III орынды № 18 ЖОМ оқушысы Дюльдина Виктория иеленді.

Барлық жеңімпаздар Павлодар қаласы білім беру бөлімінің дипломдарымен марапатталды, жеңімпаз командаға ауыспалы кубок табысталды. Команда педагогтері алғыс хаттармен марапатталды.