ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық бірінші сынып оқушылары ертегілер мен мақал- мәтелдерден білімдерін көрсетті
19-12-2022 11:28
Павлодарлық бірінші сынып оқушылары ертегілер мен мақал- мәтелдерден  білімдерін көрсетті

Ә. Бөкейхан  атындағы орта мектеп-лицейінде Павлодар қаласының білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығымен «Әліппе атасы» қалалық байқауы өтті. Мақсаты - қабілетті бірінші сынып оқушыларын қолдау, ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, ертегілер, мақал-мәтелдер арқылы сөздік қорын кеңейту. Қаланың № 2, 5, 6, 7, 14, 17, 18, 21, 24, 25, 26, 29, 31, 33, 35, 38, 39, 40, 41, 46, Малайсары батыр атындағыетекші  ЖОМ, Кенжекөл ЖОМ, Қ.Мақпалеев, Ш. Шоқин, Қ. Бекхожин атындағы, М. Әлімбаев атындағы, А. Шамкенов атындағы, М. Жүсіп атындағы, Ә.Бөкейхан, Б.Момышұлы атындағы, Р. Нұртазина атындағы, С. Торайғыров атындағы, А. Байтұрсынұлы атындағы, Ж. Тәшенев атындағы, М. Әуезов атындағы ЖОМ 38 мектептен 1 сыныптың 115 оқушысы қатысты.

Байқау 3 номинация бойынша өткізілді. Жүлделі орындарды 57 бірінші сынып оқушылары иеленді, оның ішінде І орын - 8 , ІІ орын - 24, ІІІ орын - 25.

«Көркем сөз оқу» номинациясында - белгілі авторлардың шығармаларын мәнерлеп оқу М. Мақатаевтың «Үш бақытым», Ы. Алтынсариннің, «Шеше мен бала», «Отан тұралы жыр», «Мен қазақпын» Ж. Молдағалиева, «Мектебім» Ғ. Қайырбекова, А. Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасы, И. А. Крыловтың «Шырылдауық шегіртке» ертегісі. № 17 ЖОМ оқушысы Қалайбекова Амели Қадір Мырза Әлидің «Аурудыңың аты» өлеңі үшін, № 35 ЖОМ Балтаев Ержан мен Кенжекөл ЖОМ Хамра Әсем Ы. Алтынсариннің «Кел, балалар оқылық» өлеңімен І орынға ие болды. «Ғажайып ертегі» номинациясында «Қоянның үйшігі», «Түлкі мен ешкі», «Жыл басына таласқан хайуанаттар», «Қызыл телпек», «Бауырсақ», «Бір үзім нан», «Бөдене мен түлкі», «Торғай мен тышқан», «Кімнің мекені жақсы?», «Тышқан, ит және мысық» ертегілерін әңгімеледі. Барлық қатысушылар кейіпкерлердің костюмдерінде және ертегіге арналған декорациялармен болды. Ә. Бөкейхан атындағы ЖОМ оқушысы Амеркенова Даяна «Ұр тоқпақ» ертегісі үшін, № 14 ЖОМ оқушысы Күйчиева Айзера, Малайсары батыр атындағы ЖОМ оқушысы Дарыбаева  Амина «Мақта қыз бен мысық» ертегісі үшін I орынға иеленді.

«Мың бір мақал» номинациясында «Ана тілі, «Отан», «Еңбек», «Халық» тақырыптарында мақал-мәтелдер келтірілді. І орынды Малайсары батыр атындағы мектеп оқушысы Медхат Арслан, Б. Момышұлы атындағы мектеп оқушысы Теміржан Мәлика иеленді. Арслан отан туралы 50-ден астам мақал-мәтел, Малика тіл туралы 47 мақал келтірді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Павлодар дарыны» орталығының I, II, III дәрежелі дипломға ие болды, барлық қатысушылар Құрмет грамоталарымен марапатталды.