Павлодар қаласы М. Әуезов атындағы мектептің 3-сынып оқушысы Әлібай Зере АИГА Arlan Grip Final 2022 нұсқасы бойынша грэпплингтен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. Турнир Алматы қаласында ABB Arena спорт кешенінде өтті. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей, Грузиядан 1140 спортшы қатысты.
Биылғы жылы Зере үшін бұл турнир негізгі турнирлердің бірі болды. Ол 2 жекпе-жек қатысып, екеуінде де жеңімпаз атанды. Грэпплингпен оның үлкен ағасы айналысады. Екі жыл бұрын Зере грэпплингпен айналысуға қызығушылық танытты. Сол кезде топта негізінен ұлдар мен бірнеше ересек жастағы қыздар болды. Зере сол топтағы ең жас қыз болды. Джиу-джитсудан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сексембаев Замир Серікұлының жетекшілігімен Bekteam Usolka спорт клубында жаттығады.
Зере 2013 - 2014 жылдардағы ұлдар мен қыздар арасында облыстық, Қарағанды, Есіл, Астана, Екібастұз, Павлодар қалаларында өткен республикалық турнирлердің, грэпплинг пен бразилиялық джиу-джитсудан (2022 жыл) бірнеше дүркін жеңімпазы, Астана қаласында өткен 2022 жылғы Азия ашық чемпионатының күміс жүлдегері болып табылады.
Зере өзінің эмоцияларын ұстай алады, сондықтан жекпе-жек алдында өзінің толқуын көрсетпейді. Турнирлерде сабырлықпен өнер көрсетеді. Жарыс туралы айта отырып, ол өзі барған қалаларда не көргені туралы әсерлерімен бөлісті. Спортпен шұғылдану және турнирлерге қатысу жақсы оқумен сәтті үйлеседі.
- Менің мақсатым - әлем чемпионатында өнер көрсету және құрмет тұғырының жоғарғы сатысына шығу, - дейді кішкентай Зере.