Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қалалық олимпиаданың үздіктері анықталды
20-12-2022 17:19
Қалалық олимпиаданың үздіктері анықталды

    Оқушыларды жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындау, гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша олимпиадалық резерв құру мақсатында Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 7 - 8 сынып оқушыларының І жасөспірімдер олимпиадасы өтті. Олимпиаданы Павлодар қаласының білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бооос уақытты  қамту және балалар дарындылығын дамыту орталығымен  14 - 15 желтоқсанда өткізілді.

         8 пән бойынша қаланың 42 жалпы білім беретін мектебінің 185 оқушысы қатысты-қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, мемлекеттік тілде оқытатын мектептерде орыс тілі, орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі, Қазақстан тарихы, ағылшын, неміс және француз тілдері.

    Олимпиада шарттары бойынша қатысушылар ұсынылған олимпиада тақырыптарына эссе   жазды, өз пәндері бойынша тест тапсырмаларын орындады.

      Олимпиада қорытындысы бойынша 19 желтоқсанда жүлделі орындарға ие болған 97 оқушы марапатталды, оның ішінде І орын - 7 оқушы  № 2, 21, 36, 39 ЖОМ, Ж. Ташенев атындағы, М. Әлімбаев атындағы, А. Шамкенов атындағы, II орын - 35 , ІІІ орын - 55  қатысушы. Эссе және тест тапсырмалары бойынша ең жоғары ұпай  жинаған  Қазақстан тарихы бойынша № 2 ЖОМ 7-сынып оқушысы Сейтқасым Нұржан, ағылшын тілі бойынша № 39 ЖОМ 8-сынып оқушысы Слямова Дана.

         Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы   білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Ең жоғары ұпай жинаған оқушылар олимпиаданың облыстық кезеңіне 2023 жылдың қаңтарында қатысады.