ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала және облыс мектептерінің педагог-психологтерінің фестиваль-интервизиясы
22-12-2022 10:29
Қала және облыс мектептерінің педагог-психологтерінің  фестиваль-интервизиясы

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті педагог-психологтердің облыстық шығармашылық тобының бастамасымен «Second breath - 2022» фестиваль-интервизиясын өткізді. Мақсаты - психолог мамандығына оң көзқарасты қалыптастыру, мамандықтың маңыздылығы туралы идеялар, психологтер қызметінің рөлі, бірлескен шығармашылық жұмыс туралы сұрақтар. Қала мен облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 60-тан астам педагог-психологтері қатысты.

Психолог күніне арналған іс-шарада Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Шолпан Саменқызы Нұрахметова, Ирина Владимировна Карпова, Анастасия Алексеевна Бережная, № 26 ЖОМ, № 32 НОМ педагог-психологтері, облыстық шығармашылық топ мүшелері, іс-шараның бастамашылары сөз сөйледі.

Фестиваль-интервизия 4 орталықта, түрлі терапевтік бағыттар бойынша бір-бірін алмастыратын тренингтер түрінде өтті. Бережная Анастасия Алексеевна, № 32 НОШ педагог-психологі «Тағдырлы шешімдер мен дағдылар» метафоралық карталары» орталығының (МАК), Панащенко Татьяна Владимировна, № 33 НОМ педагог-психологі - «Арт-терапия» орталығының, Карпова Ирина Владимировна, № 26 ЖОМ педагог-психологі«Денеге бағытталған терапия» орталығының, Сачанова Шолпан Тюлюгеновна, № 26 ЖОМ педагог-психологі - «Заманауи психолог» кластерін құрастыру орталығының басшысы.

Фестиваль-интервизияның қорытындысында финалистерді марапаттау рәсімі болды. Павлодар қаласы білім беру бөлімінің жұмыс тәжірибесін тарату бойынша сертификаттарды 4 педагог-психолог, орталықтардың модераторлары алды. Номинациялар бойынша 10 жеңімпаз дипломдармен марапатталды. Іс-шара қорытындысы бойынша жыл сайын фестиваль өткізу туралы шешім қабылданды.