ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас суретшілер сәулет және құрылыс туралы сурет салады
22-12-2022 12:15
Жас суретшілер сәулет және құрылыс туралы сурет салады

2022 жылдың қазан айында Волгогад қаласында «Әлем, өзім туралы. Адамзаттың құрылуы»балалар шығармашылығының халықаралық байқауы өтті.Байқау шарты бойынша қатысушылар сәулет және құрылыс, дүниежүзінің тарихы мен сәулет ескерткіштері бойынша жұмыстарын ұсынуы тиіс болатын.Байқауға Павлодарқаласының балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубының 49 оқушысы өз жұмыстарын жолдады.

- Әдетте барлық балалар архитектураны салғанды ұнатпайды, өйткені бұл өте қиын. Бірақ біздің оқушылар сәулет ескерткіштерін, уақытша кезеңдердегі қалалар құрылысының сұлулығын көрсете алды, әртүрлі стильдер мен бағыттардағы сәулет құрылыстарының ұсақ бөлшектерін таба алды, - дейді директордың орынбасары Гульнар Мухаметкалина Мухаметкалина.

Байқау қорытындысы бойынша желтоқсан айында мектептің 5 оқушысы дипломант атанды.Бұл,Мария Гегель, 10 жаста,«фломастер» техникасындағы «Шығыс сарайы» жұмысымен, Антонина Демченко, 13 жаста, фломастер техникасындағы «Британдық сәулетші Норман Фостер» жұмысы үшін, Кирилл Кестель, 14 жаста, гуашь техникасындағы «Ескі қамал» жұмысымен, Ясмина Левадная, «Санкт-Петербург. Екатерина сарайы» графика техникасы, ЮлияЛюсова, 14 жаста,гуашь техникасы бойынша «Алматы. Арқан жолы» жұмысы үшін, РоманОсипов, 13 жаста, аралас техникадағы «Индустрияландыру» жұмысымен.Дипломанттардың педагогтары Алтын Бауыржановна Атеева, Шамиль Ракымбекович Шушаев, Лариса Алексеевна Кузнецова, Ольга ИвановнаЛовина, Светлана Евгеньевна Рейн.

- Байқаудың барлық дипломанттары графикаға деген сүйіспеншілігімен, бейнелеу өнерінің осы түрінің барлық қыр-сырын шебер меңгеруге деген ұмтылысымен, сондай-ақ орасан зор еңбекқорлығымен ерекшеленеді.Біздің балалар барлық жағынан дарынды: жалпы білім беретін мектепте де және бізде жақсы оқиды, байқауларға қатысады және жүлделі орындарға ие болады.Сонымен, АнтонинаДемченко 2021 жылы Новосибирскіде өткен «Таланттар палитрасы» халықаралық байқауының жеңімпазы, Ясмина Левадная 2022 жылғы облыстық графика байқауының жеңімпазы, - дейді Гульнар Мухаметкалина.