ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балаларды тәрбиелеудегі сынып жетекшісі мен отбасының бірлескен жұмысының рөлі
23-12-2022 11:16
Балаларды тәрбиелеудегі сынып жетекшісі мен отбасының бірлескен жұмысының рөлі

Сынып жетекшісі қызметінің басым бағыттарының бірі балаларды тәрбиелеуде отбасымен бірлесіп жұмыс жасау, оқушылардың ата-аналармен өзара іс-қимылы болып табылады. Әдістемелік көмек көрсету, отбасымен жұмыс істеу мәселелерін зерделеу мақсатында Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің жас сынып жетекшілері үшін «Отбасы мен мектептің ынтымақтастығын ұйымдастырудағы сынып жетекшісінің рөлі» атты қалалық семинар өтті.

Семинарда Павлодар қаласы білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Тайболатов Қуандық Момынғазыұлы «Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2022 - 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасындағы тәрбие мәселелері» атты баяндама жасады. Баяндамада тәрбие жұмысы барысында мектептерде туындайтын проблемалар баяндалды, тұжырымдаманы іске асыру бойынша күтілетін нәтижелермен және нысаналы индикаторлармен таныстырды.

№ 26 мектеп басшысының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әсия Ризолқызы Медетова «Ата-аналармен жұмыста сынып жетекшісінің жұмысын ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдері» атты баяндама жасап, шеберлік сағатын өткізді. Қатысушылар әр түрлі жағдайларда ата-аналармен жұмыс істеу, жұмыстың әртүрлі формалары мен әдістерін қолдану, рөлдік және іскерлік ойындарды пайдалану туралы кейстерді пысықтады.

Диалог алаңында қатысушылар қолда бар мәселелерді талқылап, ата-аналармен жұмыс бойынша әдістемелік ұсыныстар алды.