ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Оқуға құштар оқушы» жобасы қала мектебінде жүзеге асырылуда
23-12-2022 15:19
«Оқуға құштар оқушы» жобасы қала мектебінде жүзеге асырылуда

Павлодар қаласының Ахмет Байтұрсынұлы атындағы инновациялық үлгідегі мектебінде «Оқуға құштар мектеп» республикалық жобасы аясында Павлодар қаласы білім беру бөлімі басшысының кеңесшісі Шиндлярская Галина Александровнаның қатысуымен «Оқуға құштар оқушы» мектеп жобасы ашылды.

Жоба үш кезеңнен тұрады - 1 - 4 сынып оқушыларына арналған Б. Соқпақбаевтың «Менім атым Қожа» аңыз әңгіме бойынша, 5 - 8 сынып оқушыларына арналған Джек Лондонның «Ақ азу» шытырман оқиғалы повесі бойынша, 9 - 11 сынып оқушыларына арналған Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың соңы» аңызы бойынша викторина өтті. Екінші кезеңде шешендік өнер байқауы, үшінші кезеңде театр шеберлігі байқауы өтеді.

Байқау қорытындысы бойынша жүлдегерлер мен жеңімпаздарды жүлделер күтеді - бірінші орын алған оқушылар 5 дана гироскутерлермен, екінші орын алған оқушылар - 5 дана смарт сағаттармен, үшінші орын алған оқушылар - 5 дана сымсыз құлаққаптармен марапатталады.

 

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді демеушілер, облыс кәсіпкерлері көтермелеу керек деп шешті, олар «Оқуға құштар оқушы» мектеп жобасын іске асыруға қатысу үшін шешім қабылдады.