ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектептері директорларының кеңесі
27-12-2022 15:02
Қала мектептері директорларының кеңесі

Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2022 жылғы 26 желтоқсанда жалпы білім беретін мектеп директорларының жоспарлы кеңесін өткізді.

Кеңесте «Қала мектептерінде тамақтануды ұйымдастыру сапасы» және «2022 жылдың екінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың, суицидтік мінез-құлықтың алдын алу, балалар жарақаттануының, балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігінің алдын алу бойынша жұмыс жағдайы» мәселелері бойынша жүргізілген мониторинг қорытындылары қаралып, талқыланды.

Малайсары батыр атындағы мектеп директорының даму бағдарламасын іске асырудың мектепішілік мониторингінің тиімділігі туралы есебі тыңдалды.

Талқыланған мәселелердің қорытындысы бойынша Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы мектеп директорларына аталған ескертулерді жою, нормативтік талаптарға сәйкес тамақтану жөніндегі құжаттармен жұмыс жүргізу, тамақтандыруды ұйымдастыруға жауапты тұлғалардың жүйелі бақылауда ұстауын қамтамасыз ету туралы тапсырмалар берді

Аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың тамақтануын есепке алуды бақылауға алу, санитарлық ережелерге сәйкес перспективалық мәзірге қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз ету туралы ұсынымдар берілді.

Аз қамтылған отбасылардан шыққан балалардың тамақтануын есепке алуды бақылауға алу, санитарлық ережелерге сәйкес перспективалық мәзірге қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз ету туралы ұсынымдар берілді.

Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың, суицидтік мінез-құлықтың алдын алу мәселелері бойынша мектеп директорларына мектеп бойынша күнделікті сабаққа қатысуға талдау жүргізу, мектептердің шағын аудандарында, әсіресе сауда үйлері мен ойын-сауық мекемелерінің жанында рейдтік іс-шаралар өткізу тапсырылды. Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруды ерекше бақылауға алу, әсіресе демалыс кезеңінде, ата-аналармен байланыс форматын жетілдіру. 3 - 8 сынып оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмысты күшейту, қиын балалармен жеке жұмыс жүргізу, жалпыға міндетті оқу құқығы туралы ұсыныстар берілді.

Мектеп директорлары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрлігінің мекемелерді аттестаттау мәселелері жөніндегі нормативтік құжаттарымен, Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2022 - 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі бағыттары мен индикаторларымен, Павлодар облысы бойынша білім беру саласындағы бақылауды қамтамасыз ету департаментінің мектепішілік бақылау мәселелерін бақылау қорытындыларымен танысты.