ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жаңа жылдық ғажайыптар
27-12-2022 16:47
Жаңа жылдық ғажайыптар

Бүгін Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалық драма театрында 9 жастан 13 жасқа дейінгі 100 бала Павлодар қаласы әкімінің атынан өткен «Қош келдің, Жаңа жыл - жаңа белес, жаңа арман!» атты жана жылдық шыршаға қатысты. Жас қонақтарды Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Гладышева Светлана Анатольевна құттықтады.

Шыршаға қатысушылар - жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістікке жеткен дарынды балалар қатысты.

Жаңа жылдық театрландырылған қойылымда балалар шытырман оқиғалар мен жаңа жылдық қиялдың ертегі әлеміне енді. Бір сағат ішінде балалар Аяз Ата мен келесі жылдың символы - қоян, Ақшақар, Хагги Вагги, НЛО, жолбарыс және Нарутоның қатысуымен жаңа жылдық мерекені өткізді.

Балалар үшін тәтті үстел жасалды. Соңында балалар «Алладин» ертегісінің тұсаукесер-спектакліне қатысты.

Шыршаның барлық қатысушылары тәтті және құнды сыйлықтар алды.