ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ресейдегі футбол турнирінің үздік ойыншысы
29-12-2022 10:07
Ресейдегі футбол турнирінің үздік ойыншысы

Омбыда өткен «Я - сибиряк» халықаралық турнирде павлодарлық «Eagle Team» командасы екінші орынға ие болды.

Турнирге барлығы жеті команда қатысты, барлығы 2015 жылы туған балалар. Жергілікті балалардан басқа жарыста Тюмень мен Павлодардың командалары өнер көрсетті.

- Павлодарлықтар үшін ең қиыны - футболшылардың барлығы алты ойынды бір құраммен, ауыстырмай өткізді. Осыған қарамастан «Eagle Team» төрт ойында жеңіске жетті, бір матч тең аяқталды және тек біреуінде олар жеңімпаз «Star Juniors» командасына аз ғана жеңілді», - дейді команда жаттықтырушысы Евгений Сергеевич Измаилов.

Ұйымдастырушылар павлодарлықтардың ойынын лайықты бағалады. Мәселен, Павлодар қаласының № 25 жалпы орта білім беретін мектебінің 2-сынып оқушысы Аңсар Ережеп «Турнирдің үздік ойыншысы» атағына ие болды. Ансар 6 жасынан бастап футболмен айналысады, қазіргі уақытта футболдан «Eagle Team» клубында кәсіби жаттығады және облыстық футбол командасының құрамына кіреді.