ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жаңа жылдық мереке пайдамен
29-12-2022 15:49
Жаңа жылдық мереке пайдамен

Шет тілдер апталығы Павлодар қаласының экологиялық бағыттағы № 36 жалпы орта білім беру бейіндік мектебінде өткізілді. Шет тілдері әдістемелік бірлестігінің мұғалімдері 700-ден астам оқушы қатысқан іс-шаралар өткізді.

Сыныптан тыс іс-шараларды ерекше, танымдық және ойын-сауық түрінде өткізу сөйлеу әрекетінің негізгі түрлерін дамытуға, ассоциативті ойлауды, есте сақтауды, ұжымда қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға, сондай-ақ дәстүрлер мәдениетіне Жаңа жылды тойлауды енгізуге бағытталған. Іс-шаралар тілдік және сөйлеу білімдерін қолдана отырып, шығармашылық және ойын-сауық, білім беру сипатын қамтыды.

Осы кезеңде қызықты тақырыптық іс-шаралар өткізілді: интерактивті тапсырмаларды қолдана отырып, «Жаңа жыл ағылшынша», Jinglebells сергіту сәттері, «Кірестер - нөлдер» ойындары, «English Fairytales» тақырыптық сабақ, «Жаңа жылдық сабақ» марафоны, байқаулар - «Жаңа жылдық ашықхат», «Купондарға тапсырмалар», «Ағылшын мақал-мәтелдерінің аналогтары», «Superkraft Deutsch» ойыны,  «Magic Umbrella»,  Жаңа жылға келу күнтізбесі, «Полиглот» байқауы.

Апта аясында ең шығармашыл фотосуреттерге байқау өткізілді. Оқушыларға Жаңа жылдық фото жақтаулар, фотобутафориялар мен шыршалар ұсынылды. Қатысушылар фотосуреттерді өз парақшаларында #flweek36 хэштегімен жариялады. Іс-шара қорытындысы бойынша 200-ден астам оқушы тәтті сыйлықтар мен грамоталарға ие болды.

- «Біз әртүрлі байқаулар мен ойындарға қатыстық, бізге танымды және көңілді болды. Шет тілдері бойынша білімдерімізді тексере отырып, біз уақытты тиімді өткіздік және тілдерді одан әрі үйрену үшін эмоцияларға ие болдық», - деп мектептің 5 сынып оқушысы Щеглова Ульяна өз пікірімен бөлісті.

Тілдер апталығы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олардың әлеуметтік - мәдени құзыреттілігін қалыптастыруға, ынтымақтастықта оқытуға және шет тілдерін үйренуге деген ынтасын арттыруға ықпал етті.