ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушылар демалысты қалай өткізеді
30-12-2022 11:01
Павлодарлық оқушылар демалысты қалай өткізеді

Іс-шаралар жоспарына сәйкес Павлодар қаласының мектептері мен мектептен тыс мекемелерінде мектеп демалысы күндері 40 мыңнан астам оқушы қызығушылықтары бойынша үйірмелерге, түрлі іс-шараларға қатысады. 2022 жылғы 27 - 30 желтоқсан аралығында мектептерде 45000-нан астам балалар мен жасөспірімдерді қамтитын жаңа жылдық іс-шаралар жоспарланған. Бастауыш сынып оқушылары үшін ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен жаңа жылдық ертеңгіліктер, 5 - 8 сыныптар үшін жаңа жылдық саяхаттар, шытырман оқиғалар, жоғары сынып оқушылары үшін дискотекамен музыкалық бағдарламалар ұйымдастырылды.

Қысқы демалысты ұйымдастыру бойынша жұмыс қаланың 8 мектептен тыс мекемелерінде және 16 аула клубтарында жүргізіледі, онда жобалық қызметте 20000-нан астам баланың бос уақыттары ұйымдастырылады. Өз жобалары шеңберінде қосымша білім беру мекемелерінде музыкалық, техникалық, көркемдік, лингвистикалық бағыттағы іс-шаралар мен экскурсиялар, спорттық жарыстар жоспарланған. Қаланың 10000-нан астам оқушысы Ж. Аймауытов атындағы, Чехов атындағы театрларға, кинотеатрларға, мұражайларға барады.

Биыл балалар қаланың жаңа алаңдарында уақыт өткізе алады, екінші Павлодар шағын ауданында Литвинов атындағы саябақ ашылды, Гагарин саябағында жаңа балалар алаңы орнатылды, орталық жағалауда балаларға мұз қалашығында серуендеуге, ойнауға мүмкіндік туды.

2 - 27 қаңтар аралығында оқушылар Павлодар облысының 85 жылдығына арналған «Кітап - сарқылмас қазына» қалалық жобасына қатысады.

«Павлодар дарыны» бос уақытты ұйымдастыру және балалар дарындылығы орталығы 2023 жылғы 5 қаңтарда «Табысқа жету жолы» мектептері президенттерімен кездесу өткізеді, сондай-ақ мұнда «Жаңа көзқарас» дебат мектебінің сабақтары өтеді.

«Оқуға құштар мектеп - оқуға құштар ұлт» республикалық жобасы аясында «Кітап - білімнің қайнар көзі» қалалық жобасы бастама алды.

Балалар техникалық мектебінде 2023 жылғы 3 - 5 қаңтар аралығында «Құстарды қорғайық» шағын жобасы өткізіледі, оның шеңберінде ерекше білім беруді қажет ететін балалар құстарға арнап құс үйлерін дайындайды.

Қала мектептерінде спорттық іс-шаралар, концерттер, жарыстар, байқаулар жоспарланған.

Демалыс күндері Павлодар балаларына қысқы спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік берілді - қаланың шағын аудандары мен ауылдық аймағында 21 хоккей корты жабдықталады, мұз айдындары 42 жалпы орта білім беретін мектептердің аумақтарында жұмыс істейтін болады, оның жетеуі қаланың ауылдық аймағында.