ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушылар радио мектеп қатысушылары
05-01-2023 09:16
Павлодарлық оқушылар радио мектеп қатысушылары

Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығының «Қазақ тілінде сөйлеуді үйренеміз» және «Ертіс медиа» Halykradiosy ЖШС бірлескен жобасы аясында 2022 жылдың қараша - желтоқсан айлары аралығындағы радио мектебінің сабақ қорытындысын шығарды. Байқаудың мақсаты - «Қазақша үйренейік» бағдарламасында халық радиосының толқынында қазақ тілін үйренетін оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және қолдау.

Байқауға қаланың № 17, 18, 21, 23, 24, 27, А. Шамкенов атындағы мектеп-лицей жалпы білім беретін мектептерінің 7 - 8 сынып оқушылары қатысты. «Отбасы және салт-дәстүр», «Ұлттық ойындар», «Жыл мезгіндері» сабақтарының шарттары бойынша қатысушылар 2 апта бойы таңдалған тақырыппен жұмыс істеді, қазақ тіліндегі өлеңдер мен мәтіндерді жатқа оқыды.

Осы кезеңде Абайдың «Жыл мезгілдері» өлеңдері оқылып, отбасы туралы диалог құруды, сөз тіркестерін құрастыруды, сөздік қорын толықтыруды үйренді. Қатысушылар, ата-аналар, қала мектептерінің педагогтары өз пікірлерін WhatsApp Halyk radiosy, мектеп оқушыларына жолдады 17, 18, 21, 24, 27, А. Шамкенов атындағы мектеп-лицей, Р. Нұртазина атындағы мектеп-лицей радиодан тікелей эфирге қатысты. Сабақ қорытындысы бойынша қатысушылар «Павлодар дарыны» орталығының белгілі бір дәрежелі дипломдарымен марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, жоба 2022 жылдың қазанынан 2023 жылдың мамырына дейін 6 ай ішінде жүзеге асырылуда. Алдағы 2 ай ішінде № 9, 26, 36, Қ. Мақпалеев атындағы, М. Әлімбаев атындағы, С. Торайғыров атындағы, М. Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептердің 8 сынып оқушылары радиомектепке қатысады.