ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас боксшылар өздерінің дағдылары мен ептіліктерін көрсетті
12-01-2023 12:29
Жас боксшылар өздерінің дағдылары мен ептіліктерін көрсетті

Салауатты өмір салтын насихаттау, балаларды тұрақты бокс сабақтарына тарту мақсатында «Сауран» балалар-жасөспірімдер клубында Аяз Атаның сыйлығы үшін жаңадан келгендер боксшылар арасында қалалық турнир өткізілді. Турнир 2008 2015 жылдары туған «Қайсар» балалар жастар орталығының, «Айналайын», «Ракым», «Азат», «Жігер» балалар-жасөспірімдер орталығының «Сауран» клубтарының 70 жас боксшылары арасында өтті.

Турнир қорытындысы бойынша «Қайсар» балалар жастар орталығының командасы 11 алтын медаль, «Айналайын», «Ракым» балалар-жасөспірімдер клубтары үш алтын медаль жеңіп алды. «Азат» және «Сауран» балалар-жасөспірімдер клубтарының құрама командасы жалпы қорға 15 алтын медальмен толықтырды. Медаль иегерлері Оразбай Азамат, № 40 мектеп оқушысы, Теміржан Ибрагим, Карле Германн, Қабыш Нұрсұлтан, № 5 мектеп оқушылары, Жүсіпов Әлішер, № 17 мектептің оқушысы, Қасенов Мансур, Мағзұм Аңсар, №2 мектеп оқушылары, Төлеубеков Нұралы, Мақсатұлы Арман, Мақсатұлы Асылан, № 19 мектеп оқушылары, Ибраимов Али, № 18 мектеп оқушысы, Сүлейменов Темірлан, №46 мектеп оқушысы, Құттыбаев Данияр, Серікбосынов Ернар, №37 мектеп оқушылары, Темір Мүсірәлі, № 24 мектептің оқушысы.

- Олардың барлығы бірінші жыл бокспен айналысады және бұл олардың алғашқы жетістіктері. Жас боксшылар өздерінің дағдылары мен ептіліктерін көрсетті, жаңа жеңістерге қол жеткізу үшін жақсы заряд алды. Қазіргі уақытта төрт клубта 120-дан астам бала бокспен айналысады,-деді олардың жаттықтырушысы, «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының қосымша білім беру педагогі,  жекпе-жек және үш сайыс бойынша спорт шебері Ертай Хайроллаұлы Жәменкенов.