Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Қаланың үздік экологиялық білім беру ұйымдары
16-01-2023 10:31
Қаланың үздік экологиялық білім беру ұйымдары

«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының облыстық іріктеу кезеңіне 17 білім беру ұйымы, оның ішінде № 6, 7, 17, 25, 35, 36, 29 ЖОМ, Павлодар қаласының балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы қатысты. Ұйымдастырушы білім беру басқармасы болып табылады.

 Байқау «Жасыл Қазақстан: табиғатқа қолайлы ұйым», «Жасыл Қазақстан: Қазақстанның үздік экологиялық жобасы», «Жасыл Қазақстан: экологиялық ағарту және ақпараттандыру», «Жасыл Қазақстан: жауапты тұтыну» номинациялары бойынша өткізілді. Қазылар алқасының құрамында экологиялық білім беру жөніндегі сарапшы, «ЭКОМ» ҚБ, облыстың қоршаған орта және су ресурстарын жер қойнауын пайдалану басқармасы, Инновациялық Еуразия университетінің «Экология» ББ өкілдері болды.

Байқауға ұсынылған материалдарды сараптамалық бағалау қорытындысы бойынша ұлттық байқауға қатысу үшін облыстың үш ұйымы, оның ішінде Павлодар қаласының екі ұйымы қатысатын болды.

«Жасыл Қазақстан: табиғатқа қолайлы ұйым» номинациясында № 17 мектеп, «Жасыл Қазақстан: экологиялық ағарту және ақпараттандыру» номинациясында - балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы анықталды.