ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Формативті бағалау бойынша әдістемелік ұсыныстар
17-01-2023 09:20
Формативті бағалау бойынша әдістемелік ұсыныстар

   Павлодар қаласының білім беру бөлімі «Кәсіби өзін-өзі анықтау және жас маманның қалыптасуы» жобасы аясында республикалық педагогикалық шеберлік орталығының филиалымен бірлесіп «Формативті бағалауды жоспарлаудағы қадамдар» тақырыбында семинар-практикум өткізді. Мақсаты - жас мамандарға оқушыларды сабаққа белсенді қатысуға тарту және формативті бағалауды жоспарлау бойынша тапсырмалар жасау мәселелері жөнінде әдістемелік қолдау көрсету. Орыс және қазақ тілдерінде оқытатын мектептердің 90-нан астам жас мамандары қатысты.

   Семинарда Нұрахметова Шолпан Саменқызы, әдіскер, Павлодар қаласы білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің «ПроЛС» клубының жетекшісі, Мельникова Юлия Геннадьевна, Ибраева Айман Рахымжанқызы, жаттықтырушылар, педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджерлері сөз сөйледі.

   Жас мамандар оқушыларды оқу үдерісіне қалай тарту керектігін зерттеу және жауап табу үдерісіне енгізілді, білім, біліктілік және дағдыларды қалыптастыратын бағалау қадамдарымен танысты. Жаттықтырушылар семинардың тәжірибелік бөлігін интерактивті түрде өткізді: шағын дәріс, Kahoot, Icebreaker, «Қара жәшік ішіндегі жұмыс», Блэк@Вильямс командалық ойындар. Шағын топтарда іс жүзінде өз практикасының кейстеріндегі тапсырмалар пысықталды, сабақта кері байланысты жақсартуға 3 дәлел айтылды және өз шешімдерімен бөлісті.

   Рефлексивті бөлім сауалнама және сұхбат түрінде өтті: біз немен кетеміз, тәжірибеде қолдану үшін өзімізбен бірге не алуға дайынбыз?

Оқу материалын игеру қорытындысы бойынша қатысушылар кез келген оқыту форматында сабақ өткізу кезеңінде оқушылардың белсенді өзара іс-қимылын қолдау тәсілдерін таңдай алды, білімнің интеграциялаусыз бүгінгі таңда практикалық іс-әрекет мүмкін еместігіне көз жеткізді, өздерінің әдістемелік қоржындарын толықтырды.Қатысушылар «Жаңа мектеп - заманауи мұғалім - 2023» республикалық жас педагогтер байқауының мектеп турына қатысуға мүмкіндік алады. Семинар материалдары жас мамандардың чатына жіберілді, электронды-әдістемелік дайджестте орналастырылды және жұмыста пайдалану үшін қала мектептеріне жіберілді.