ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық оқушылар қысқы спорт түрлерінен жарысты
18-01-2023 15:16
Павлодарлық оқушылар қысқы спорт түрлерінен жарысты

   Павлодар қаласының 26 жалпы білімберетін мектебінің 10 - 11 сыныптарының 100-ден астам оқушысы «Сарбаз - 2023» қысқы әскери- қолданбалы спорт түрлері бойынша қалалық жарыстарға қатысты. Жарыс Павлодар қаласының № 17 ЖОМ алғашқы әскери дайындық базасында өтті.

   Жарыс спорттың 5 әскери-қол данбалы түрі - АК-74 бөлшектеу және құрастыру, оқ ату, қорғаныс костюмін кию, тартылу және шаңғы эстафетасы бойынша өткізілді.

   Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық I орынды № 35 ЖОМ оқушылар командасы, II орынды Ж. Ташенев атындағы ЖОМ оқушылар командасы, № 17 ЖОМ оқушылар командасы, III орынды № 30 ЖОМ оқушылар командасы иеленді. Командалар Павлодар қаласы білім бөлімінің грамоталарымен марапатталды.

   Облыстық іріктеу жарыстарында 20 қаңтарда Қабанбай батыр атындағы мамандандырылған әскери мектеп-интернатында № 17, 35, 7, 11, 39, 43, 41, 30, Ж. Ташенев атындағы, М. Әуезов атындағы, Б. Момышұлы атындағы мектеп оқушылары құрамасынан құрама командалар қабылданады.