ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Дөңгелек үстел» басында білім сабақтары
20-01-2023 08:36
«Дөңгелек үстел» басында білім сабақтары

   Патриоттық тәрбие беру, Қазақстанның белгілі тұлғаларының өмірі мен шығармашылығын зерделеу мақсатында Павлодар қаласының экологиялық бағыттағы № 36 мектебінде Ахмет Байтұрсыновқа арналған «А. Байтұрсыновтың тірі портреті» атты дөңгелек үстел өтті.

   Дөңгелек үстел жұмысына 8 - 9 сынып оқушыларының 40-тан астамы қатысты. Ахмет Байтұрсыновтың қазақ ағартушысы, лингвист ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын және аудармашы, қоғам қайраткері, публицист, ХХ ғасырдағы «Алаш» партиясы қозғалысының көшбасшысы ретіндегі өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерімен бөлісті. Қазақстанда бұл бірегейтарихи тұлға - «Ұлт ұстазы» деп қастерленеді.

   Осылайша, 9 сынып оқушылары Шайхин Илья, Дацько Виктория А. Байтұрсыновтың өмірі мен қызметі туралы материалдарды таныстырды. 8 сынып оқушысы Серік Ясминаның орындауында Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ салты» өлеңі шырқалды. Қатысушыларды ғалымның ғылыми-педагогикалық еңбектерімен, қазақ тілі оқулықтарының, жас балаларға арналған өлеңдердің, қазақ әліпбиінің авторымен таныстырған Ева Шевчук.

   - А. Байтұрсынов қажымас, қажырлы еңбегімен қазақ әдебиетін жоғары деңгейге көтеріп, ұлттық мектеп пен қазақ әдебиетінің берік негізін қалады, ересектер мен балаларға арналған нағыз мұғалім - Бас әріппен жазылатын мұғалім болды. Ол халық жадында қазақ ғылымы мен мәдениетінің жарқын өкілі болған және болып қала береді, - деп атап өтті 9 сынып оқушысы Дацько Виктория.

  - Дөңгелек үстел қатысушылары өз пікірлерімен бөлісті, ғалымның жан-жақтылығына тәнті болды.Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы ХХІ ғасырда да тұрақты маңызға ие, оның жұмысы жас ұрпақ арасында үлкен қызығушылық тудырады. Оның өмір жолын, қызметін, идеяларын білу және бағалау-біздің ортақ міндетіміз, - дейді тарих пәнінің мұғалімі Бейсембаева Аклан Таскеновна.