ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы
23-01-2023 10:25
Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы

Облыстың білім беру  басқармасы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 20 қаңтарда республикалық олимпиаданың сегіз пән бойынша IV облыстық кезеңін қорытындылады: қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, мемлекеттік тілде оқытатын мектептердегі орыс тілі, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі, математика, жаратылыстану. Олимпиаданың мақсаты - шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдету, дарынды балалар үшін өзін-өзі жүзеге асыруға жәрдемдесу және жағдай жасау, оларды халықаралық олимпиадаларға қатысуға дайындау.

Олимпиадаға облыстың жалпы білім беретін, мамандандырылған мектептерінің 5 - 6 сыныптарының 271 оқушысы қатысты. Қатысушылар жазбаша түрде әр пән бойынша тест тапсрмаларын орындады. Павлодар қаласы  командасының құрамында № 2, 7, 11, 14, 17, 21, 29, 39, Малайсары батыр атындағы, Ш. Шоқин атындағы, М.Әлімбаев атындағы, М. Жүсіп атындағы (2), Б. Момышұлы атындағы, А. Байтұрсынұлы атындағы, Ж. Тәшенев атындағы  15 жалпы білім беретін мектептің 16 оқушысы қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 8 қатысушысы жүлделі орындарға ие болды , оның ішінде I орын - 3 , II орын - 3, III орын - 2 оқушы.

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен № 11 ЖОМ 6 сынып оқушысы Рунова Анастасия, жаратылыстану пәнінен № 29 ЖОМ 6 сынып оқушысы Бекшенов Рафаэль, математика пәнінен № 39 мектептің 5 сынып оқушысы Власов Роман І орын алды.

Б. Момышұлы атындағы мектептің 6 сынып оқушысы Қазақстан тарихы бойынша Тощанова Даяна, А. Байтұрсынұлы атындағы мектептің 5 сынып оқушысы орыс тілінде оқытатын қазақ тілі бойынша  Шелбогашева Виктория, № 21 ЖОМ 6 сынып оқушысы ағылшын тілі бойынша - Кабаева Анна, II орын алды.

Қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі бойынша, № 7 ЖОМ 6 сынып оқушысы Ренатова Алдина,  Ш.Шокин атындағы ЖОМ 5 сынып оқушысы жаратылыстану пәні бойынша - Майборода Дарья III орынға ие болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер облыстың білім беру басқармасының I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталды. Бірінші орын алған оқушылар олимпиаданың республикалық кезеңіне қатысады.