Павлодар облысының білім беру басқармасы балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығымен бірлесіп «Ертіс қоңырауы - 2022» атты бард әндерінің облыстық фестивалін өткізді. Фестивальге 80-нен астам оқушы қатысты. Қатысушылар 3 жас тобында 3 шығармашылық номинация бойынша өнер көрсетті.
Фестиваль қорытындысы бойынша 11 - 14 жас аралығындағы «Гитарамен жеке орындау» номинациясы бойынша І орынды А. Байтұрсынұлы атындағы ЖОМ оқушысы Шмулько Валерия, ІІ орынды Чикало Матвей (№ 41 ЖОМ), Корниенко Илья (№ 17 ЖОМ), Лопатина Эмилия (№ 18 ЖОМ), ІІІ орынды (2) иеленді) - Сейльханова Айнұр, Ротанова Кира (№ 41 ЖОМ) иеленді. 15 - 18 жас аралығында І орынды Панихина Варвара (А. Шамкенов атындағы мектеп-лицей), Балтабек Исламбек (№ 25 ЖОМ), ІІ орынды Райхерт Милана (№ 40 ЖОМ), ІІІ орынды Минеев Владимир (А. Шамкенов атындағы мектеп-лицей), Қайрола Әділхан, (№ 25 ЖОМ) иеленді.
11 - 14 жас аралығындағы «Дуэттер» номинациясында І орынды Ш.Қайырғали, А. Уразкенов (Ә. Бөкейхан атындағы лицей-мектебі), II орынды Қайырғали Шыңғыс, Уразкенов Әлихан (Ә. Бөкейхан атындағы лицей-мектебі), Яроватый Герман, Чикало Матвей (№ 41 ЖОМ), III орынды Исатай Амира, Тунгушев Дәулет (№24 ЖОМ) иеленді. 15 - 18 жас аралығында І орынды Попова Каролина, Нұрмұханбет Ержан (№ 26 ЖОМ), II орынды (2) - Сундеева Анжела, Минеев Владимир (А. Шамкенов атындағы лицей-мектебі) иеленді.
6 - 10 жас аралығындағы «Ансамбль» номинациясында I орынды «Аққу» ансамблі (А. Байтұрсынұлы атындағы ЖОМ), 11 - 14 жас аралығындағы 1 орынды «Зеленая карета» ансамблі (№ 41 ЖОМ), II орынды «Әуен» ансамблі (№ 21 ЖОМ), III орынды «Достар» ансамблі (№ 35 ЖОМ), «Шоқжұлдыз» ансамблі (№ 24 ЖОМ), 15 - 18 жас аралығындағы II орынды «Зеленая карета» ансамблі (№ 41 ЖОМ), «Әуен» ансамблі (№ 25 ЖОМ) иеленді.