Робототехника, бағдарламалаумен айналысатын, стандартты емес ойлауы, сындарлы іс-әрекетке қабілеттілігі бар дарынды оқушыларды қолдау, оқушылардың роботтарды бағдарламалау дағдыларын жетілдіру мақсатында 2023 жылғы 24 қаңтарда № 25 ЖОМ робототехника бойынша «Robotek Grand Tournament» республикалық жарысының қалалық кезеңі өткізілді. Қаланың 30 жалпы білім беретін мектептің 4 - 11 сыныптарының 162 оқушысынан тұратын 81 команда қатысты.
Олимпиада жеті бағыт бойынша «Кегельринг - квадро», «Робо - сумо», «Лабиринт», «Эстафета», «Сызық бойынша жарыс», «Биатлон - кіші санат», «Биатлон - аға санат» өтті.
Турнир қорытындысы бойынша 41 команда жеңімпаз және жүлдегер атанды, оның ішінде бірінші орын - 11, екінші орын - 14, үшінші орын - 17. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім бөлімінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталды.
«Ең үздік қалалық команда 2023» номинациялары бойынша І дәрежелі дипломмен № 25 мектеп командасы, ІІ дәрежелі дипломмен - А. Шамкенов атындағы мектеп-лицей , № 43 ЖОМ, ІІІ дәрежелі дипломмен - № 24 ЖОМ, Ә Бөкейхан атындағы мектеп-лицей, Б. Момышұлы атындағы, Ж. Тәшенев атындағы, М. Әуезов атындағы мектеп командалары марапатталды.
«Кегельринг – квадро» санатында І орынды М. Әуезов атындағы мектеп, № 43 ЖОМ, II орынды - Ш. Шокин, А. Шамкенов атындағы мектептер, Кенжекөл ЖОМ, III орынды - Ә. Бөкейхан атындағы, № 6 ЖОМ және Ж. Тәшенев атындағы мектептер иеленді.
«Робо – сумо» санатында І орынды М. Жүсіп атындағы, Ж. Тәшенев атындағы мектептердің командалары, ІІ орынды Малайсары батыр атындағы ЖОМ, Б. Момышұлы атындағы, Ә. Бөкейхан атындағы мектеп командалары иеленді, № 39, 43 ЖОМ, III орынды - № 6, 17, 24, 26 (2), М. Әуезов атындағы мектептер иеленді.
«Лабиринт» санатында І орынды Ә. Бөкейхан атындағы, № 25 ЖОМ, II орын - А. Шамкенов атындағы, III орынды - Қ. Мақпалеев атындағы мектеп командалары иеленді.
«Эстафета» санатында І орынды № 25 ЖОМ командасы, ІІ орынды М. Әуезов атындағы, ІІІ орынды № 39 ЖОМ, Ж. Тәшенев атындағы мектеп командалары иеленді.
«Сызық бойынша жарыс» санатында І орынды Б. Момышұлы атындағы, № 25 ЖОМ, II орынды № 24, 43 ЖОМ, ІІІ орынды Ж. Тәшенев атындағы, № 39 мектеп командалары жеңіп алды.
«Биатлон - кіші санат» санатында І орынды А. Шамкенов атындағы, II орынды - № 35 ЖОМ, III орынды - М. Әлімбаев атындағы мектеп командалары иеленді.
«Биатлон - аға санат» санатында І орын № 24 мектеп командасына, II орын № 35, III орын - М. Әлімбаев атындағы, Б. Момышұлы атындағы мектептерге берілді.
Жеңімпаз командалар ақпан айында облыстық жарыстарға қатысады. Жарысқа қатысушылар «Павлодар дарыны» орталығының сертификаттарын алды.