ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас павлодарлықтар биатлоннан Қазақстан Кубогының жүлдегерлері атанды
25-01-2023 17:08
Жас павлодарлықтар биатлоннан Қазақстан Кубогының жүлдегерлері атанды

   Павлодарда алғаш рет Қазақстан биатлоншылар Одағының балалар Кубогы турнирінің қысқы кезеңі өтті. Турнирге еліміздің жеті облысынан 2008 жылы туған және одан кіші 80-нен астам спортшы қатысты.

   Қатысушылар спринтте, жеке жарыста және эстафетада өзара бақ сынады. Нәтижесінде павлодарлық қыздар екі медальмен марапатталды. Атап айтқсақ, М.Әуезов атындағы мектептің 8-сынып оқушысы Милана Дымовских 2008 - 2009 жылдары туған қатысушылар арасында спринтте күміс медаль жеңіп алды. Ал №6 мектептің 5-сынып оқушысы Ксения Крашкевич 2010 - 2011 жылы туған қыздар арасындағы жеке жарыста үшінші орынды иеленді.

   Ксения биатлонмен 2018 жылдан бастап № 1 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде айналысады. Жаттықтырушылары - Ф. Х. Трощева мен В. Ю. Морозов. Шәкірттің биатлон және шаңғы жарыстарынан алғашқы жасөспірімдер разряды бар. Ол - өзжасы санатындағы облыстық шаңғы жарыстарының тұрақты жеңімпазы және жүлдегері. Ол - 2010 жылы туған және одан кіші қыздар арасында спринтте қола медаль, сондай-ақ 2021 жылы Петропавлда өткен жазғы биатлоннан Қазақстан биатлоншылар Одағының кубогы үшін командалық эстафетада алтын медаль иегері. Жеке жарыс қорытындысы бойынша үздік ондыққа кірді. Новосибирск қаласында өткен балалар биатлонынан Анна Богалий кубогының соңғы кезеңінде спринттен үздік жиырмалыққа енді. 2022 жылы Щучинск қаласында өткен жеке жарыс қорытындысы бойынша үздік ондыққа табан тіреді. Ол сондай-ақ «Толағай»аула клубында футбол ойыны бойынша жаттығады. Мұндағы жаттықтырушысы - Т. Ж. Сисенов. Футбол жарыстарында да жүлделі орындарға ие болды. 2021 жылдан бастап «Ақсу» ФО-да жаттығады, жаттықтырушы - Ширяева Ю. Ю.

   Ксения 7 жасынан бастап тау шаңғысымен, 10 жасынан бастап сноубордпен, жүзумен, велоспортпен айналысады, бала кезінен тау және жаяу туризммен шұғылданып жүр. Ол мектепте жақсы оқиды, сүйікті пәндері - математика, жаратылыстану, ағылшын тілі және әдебиет. Мектептің барлық спорттық және сыныптан тыс іс-шараларына белсенді қатысады.

   Милана биатлонмен 8 жасынан бастап айналысады. Алғашқы қатысудан-ақжеңіс тұғырына көтеріліп, әр жарыс сайын өзінің шеберлігін дәлелдеп келеді. Милана сонымен қатар спорт мектебінің тәрбиеленушісі. Мұнда оны Морозов Вячеслав Юрьевич жаттықтырады. 2022 жылы Милана Щучинск, Павлодар, Риддер қалаларында Қазақстан биатлоншылар Одағының Куба турнирлерінде жүлделі орындарға ие болды. Сондай-ақ, шаңғы роллерлерінен облыстық ашық біріншілікте, жазғы биатлоннан облыстың ашық чемпионатында, жүгіру жарыстарында, шаңғы жарыстарында бірнеше мәрте жеңімпаз және жүлдегер атанды.

   Милана ағылшын тілі үйірмесіне де қатысады, General English-те elementary course курсын бітіргені туралы сертификат алды және тілді тереңдетіп оқытуды одан әрі жалғастыруда. 2022 жылы ол шаштараз үйірмесіне де қатысып, байқауларда екі рет жүлделі орынға ие болды.