ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас суретшілердің қысқы қиялындағы шығыс ертегілері
26-01-2023 12:20
Жас суретшілердің қысқы қиялындағы шығыс ертегілері

XVII облыстық «Қысқы қиялдар» балалар бейнелеу шығармашылығына 4 - 16 жас аралығындағы 320 бала, оның ішінде Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебінің 4 - 15 жас аралығындағы 15 оқушылары қатысты. Байқау желтоқсан - қаңтар айларында Екібастұз қаласының балалар көркемсурет мектебінде «Шығыстың қысқы шілтері» тақырыбында өтті.

Қатысушылар өз жұмыстарында шығыс ертегілерінің кейіпкерлерін бейнелеп, оларды осы күнгі жаңа жылдық қысқы мерекелер атмосферасына, ал жаңа жылдық атрибутика элементтері бар тақырыптық шығыс натюрморттарына көшіру керек болды.

Қорытындысы 2023 жылдың қаңтар айында шығарылды, байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі 20 қаңтарда өтті. Павлодар қаласының балалар көркемсурет мектебінің үш оқушысы дипломант, номинант атанды.

6 - 7 жас аралығындағы қатысушылар арасында үшінші орынның жүлдегері мен дипломаты «Маленькая страна» изостудиясының 7 жасар оқушысы Серік Айлин, «Мұз қалашығындағы Хоттабыч» суреті үшін алды, педагогі Инна Владиславовна Масленникова.

«Арнайы сыйлық» номинациясында «Жаңа жылдық дастархан» суреті үшін 8 жастағы Александра Теренченко марапатталды.

13 - 14 жас санатындағы қатысушылар арасында «Шығыс Жаңа жылы» жұмысы үшін 13 жастағы Бекпосынова Атина жүлдемен және дипломмен марапатталды.