Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
«Балдырған спортшыларға құрмет!» № 10 сәбилер бақшасының тәрбиеленушісі Алан Боранбаевты спорттық жеңісімен құттықтаймыз!
11-05-2011 04:12
«Балдырған спортшыларға құрмет!» № 10 сәбилер бақшасының  тәрбиеленушісі Алан Боранбаевты  спорттық жеңісімен құттықтаймыз!

 

«Балдырған спортшыларға құрмет!»

№ 10 сәбилер бақшасының  тәрбиеленушісі Алан Боранбаевты  спорттық жеңісімен құттықтаймыз!

 

Павлодар  қаласының № 10 сәбилер бақшасында  спорттың ерекше  өнері каратэ түрінен қосымша үйірме жұмыс істейді. Ата – аналар балаларын үлкен ынтамен сенім артып үйірмеге қатысуға келісімдерін берді.

2011 жылдың 6 мамырында Петропавловск  қаласында ұлы  Жеңіс күні мерекесінің  66 жылдығына арналған спорттық  дәстүрлі  турнир өткізілді. № 10 балабақшадан  бұл  жарысқа даярлық  топтарынан 8  бала қатысты.

Балалар каратэ спорт түрінен өздерінің өнерін көрсетті.  Қатысушылардың арасында Боранбаев Аланның көрсеткіші ерекше болып, жарыстың  қорытындысы бойынша ол II орынды иемденді, мойынына  күміс алқа тақты (салмағы – 20 кг.) Ал Кириченко Данил IV орынға ие болды.

Спорттың осы ерекше түрін балалардың  бойына сіңіріп, үйретуші – жаттықтырушы Исмаил Атаншахұлы Османовқа ерекше алғыс айтамыз. Балабақшаның осы балалары таяу арада Теміртау қаласында өткізілетін  республикалық сайысқа  аттанады.

Сәттілік тілейміз!