ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстың 85-жылдығына арналған ақпараттық дайджест
27-01-2023 10:16
Облыстың 85-жылдығына арналған ақпараттық дайджест

2023 жылғы 25 қаңтарда Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубы Көркемөнер мектебімен бірлесіп Павлодар облысының 85-жылдығына арналған «Туған жерім - алтын бесігім» атты ақпараттық дайджест өткізді.  Іс-шараға Павлодар қаласының № 39 ЖОМ  7 - 8 сыныпта оқитын 50-ден астам оқушысы қатысты.

Кездесу барысында 1938 жылдан бастап біздің облысымыздың тарихы, жылнамасы, дамуы баяндалды. Облыс тарихынан 30-шы жылдардан бастап 90-шы жылдар аралығында түсірілген фотосуреттер көрсетілді. Ақпараттық дайджестте  қазіргі Павлодар облысының  жаңалықтары  да баяндалды.

        Көркемөнер мектебі оқушыларының  облыс мерейтойына арналған жұмыстарының көрмесі қойылды. Экспозицияда балалардың Павлодар және Ертістің  көрікті жерлері бейнеленген суреттер - Ертіс жағасының әр жыл мезгіліндегі жарқын картиналар, Баянауыл және дала пейзаждары, Железин ауданындағы әдемі қайың тоғайлары және жағалаудың танымал көріністері салынған суреттер болды. 

- Біз қуана-қуана оқушылар мен педагогтардың назарына біздің Павлодар облысымыз бейнеленген суреттерді алып келдік. Бұл суреттерде мектебіміздің  әр оқушысы Павлодарды өз көзқарасымен бейнелеуге тырысты, - деп балалар көркемөнер мектебі басшысының орынбасары Мухаметкалина Гүлнар Мергалимовна кешті қорытындылады.