ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектептері директорларының кеңесі
26-01-2023 12:41
Қала мектептері директорларының кеңесі

Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2023 жылғы 26 қаңтарда жалпы білім беретін мектеп директорларының жоспарлы кеңесін өткізді.

Кеңесте «2022 қаржы жылының қорытындылары және 2023 жылға арналған міндеттер туралы» мәселе талқыланды. «Жалпы білім беретін мектептерде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық-бұқаралық жұмысты ұйымдастыру туралы» және «Мектептердің үйде жеке оқытуды ұйымдастыру, инклюзивті оқыту үшін сыныптарда жағдай жасау және инклюзия кабинеттері жұмысының тиімділігі туралы» жүргізілген мониторинг қорытындылары қаралып, талқыланды.

Даму бағдарламасын іске асыру бойынша мектепішілік мониторингтің тиімділігі мәселелері жөнінде № 2, 6 және Қ. Мақпалеев атындағы мектеп директорларының есептері тыңдалды.

Талқыланған мәселелердің қорытындысы бойынша Павлодар қаласы білім беру бөлімі басшысының міндетін атқарушы мектеп директорларына аталған ескертулерді жою, нормативтік талаптарға сәйкес инклюзивті оқыту жөніндегі құжаттарды ретке келтіру, МЖМБС және дене шынықтыру жөніндегі бағдарламалардың орындалуына жауапты тұлғалардың жүйелі бақылауын қамтамасыз ету туралы тапсырмалар берілді. Ойлау кемістігі бар оқушылар үшін жеке оқу жоспарларын құруды, ерекше білім беру қажетілігі бар бейімделген және жеке бағдарламаларды іске асыруды, жеке бағдарламаларды құрастыру, психологиялық түзету, мамандардың қызметін үйлестіру, педагогтерге, ата-аналарға кеңес беру бойынша психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жұмысын бақылауды жүзеге асыру. «Денсаулық жағдайы бойынша ұзақ уақыт бойы білім беру ұйымдарына бара алмайтын балаларға үйде жеке тегін оқытуды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауға алу.

Балалар мен жасөспірімдерді жұмыспен қамту, осы бағытта жүргізіліп жатқан және жоспарланып отырған жұмыстың тиімділігі мәселелері бойынша бақылауды жүзеге асыру жөнінде тапсырмалар берілді. Мектеп директорларының назарын 2020 жылдан 2025 жылға дейінгі кезеңге арналған мектепті дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі жұмысты одан әрі жетілдіру мәселелеріне аударды. Кадрлармен қамтамасыз ету және олардың біліктілігін арттыру, оқушылардың білім даярлығының деңгейі, білім сапасы, педагогтердің, оқушылардың инновациялық қызметі, материалдық-техникалық базаны нығайту мониторингін жүзеге асыру. Тәрбие үдерісін жетілдіру, мектеп пен ата-аналар жұртшылығы арасында тиімді коммуникациялар құру бойынша жұмыс жүргізу.

Шаңғы және конькимен сырғанау даярлығы бойынша мектептердің материалдық базасын жаңарту, материалдық-техникалық базаны нығайту (ТБИ кабинеттерін ашу), педагогтердің біліктілігін арттыру, кедергісіз орта бойынша жағдай жасау жөнінде жұмыстар жүргізу туралы ұсынымдар берілді.

     Сондай-ақ мектеп басшыларына электр жабдықтарының, дабыл, өрт қауіпсіздігі жүйелерінің жай-күйіне тұрақты бақылауды жүзеге асыру бойынша тапсырмалар берілді. Мектепте болатын штаттан тыс жағдайлар туралы білім беру бөліміне уақтылы хабардар ету қажет.