ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Балалардың бейнелеу шығармашылығын дамыту
30-01-2023 09:47
Балалардың бейнелеу шығармашылығын дамыту

Павлодар қаласынның балалар көркемсурет мектебі-ЮНЕСКО клубында 27 қаңтарда «Оқушылардың шығармашылық дамуының тиімділігін арттыруда инновациялық бейнелеу әдістерін қолдану» атты семинар өтті. Семинарға 30-дан астам бейнелеу өнері, көркем еңбек мұғалімдері, қосымша білім беру педагогтары мен қала мұғалімдері қатысты.

Мектеп педагогтары бірқатар шеберлік сабақтарын өткізді. Дамир Серикович Смыков пен Александра Станиславовна Ловина-Самошкина мүсіндік техникамен жұмыс жасау тәжірибесімен бөлісті және қатысушылармен бірге олар «Сәндік балық», «Жарықшам» саздан жасалатын кәдесыйларды жасауға машықтанды. Алтын Ибраевна Атеева «Суық батик техникасындағы ұлттық өрнектер» сәндік-қолданбалы өнері бойынша шеберлік сабағын өткізді, осы техникамен балалармен жұмыс істеу әдістемесіндегі жұмыстың барлық қыр-сырымен бөлісті. Қосымша білім беру педагогы Евгения Валерьевна Рыжкова «Пастелді кескіндеме. Құстың бейнесі» тақырыбындағы өте қызықты техникада шеберлік сабағын өткізді. Қатысушылар өздерін сүйсіне оқушылар рөлінде көрді және пастель өнеріне үйренді.

Семинар қорытындысы бойынша Павлодар педагогикалық университетінің оқытушылары Зарина Кадырбаевна Юсупова, Валентина Александровна Школьникова, магистрлер, Маржан Сериковна Темирханова, арт-зертхана меңгерушісімен бірге дөңгелек үстел өткізді.