Бүгін Ж. Тәшенев атындағы мектепте жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың II кезеңінің қалалық кезеңі басталды. Мақсаты - теориялық және практикалық білім бойынша шығармашылық қабілеттерін дамыту, түрлі деңгейдегі олимпиадаларға қатысуға дайындық. Кезеңге Павлодар қаласының 42 жалпы білім беретін мектебінің 9 - 11 сыныптарының 731 оқушысы қатысады.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиада жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша - математика, информатика, физика, химия, биология, география және қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша - қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілі, Қазақстан тарихы, құқықтану негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі. Ағылшын тілі бойынша ең көп қатысушы - 93 оқушы, Қазақстан тарихы - 82, география - 68.
Олимпиада 2023 жылғы 30 қаңтар - 3 ақпан аралығында өтеді, олимпиада қорытындысы 6 ақпанда «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының сайтында «Пәндік олимпиада 2022 - 2023» бөлімінде жарияланады.
Олимпиада электрондық форматта, веб-камераларды, прокторинг жүйесін қолдана отырып компьютерлерде, өткізудің әрбір нүктесінде онлайн трансляция арқылы өткізіледі.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады, I орын алған оқушылар ақпан айында олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысады.