ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектептегі мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру
30-01-2023 12:12
Мектептегі мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті «Ерекше балалар - ерекше тәсіл» тақырыбында семинар - практикумды өткізді. Мақсаты - инклюзивті білім беру мәселелері бойынша педагогтердің жұмысын жетілдіру. Семинарға 50-ден астам директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, дефектологтер, педагог-психологтер, педагог-ассистенттер, қала мектептерінің логопед-мұғалімдері қатысты.

Семинар М. Әлімбаев атындағы мектепте инклюзивті білім беру бойынша педагогтердің жұмыс тәжірибесімен алмасу бойынша өтті. Нұрахметова Шолпан Саменқызы, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері «Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру, кедергісіз орта үшін жағдай жасау, қаланың жалпы білім беретін мектептерінде мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтендіру» тақырыбында сөз сөйледі, Бекмурзинова Гаухар Әбуқызы, мектеп басшысының міндетін атқарушы ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс, инклюзияны қолдау кабинетінің ашылуы туралы айтып берді, Оспанова Ильмира Ерғанқызы, басшының орынбасары семинарға қатысушылардың назарын «Инклюзивті білім беру үдерісіне қатысушылардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыру» психологиялық-педагогикалық жұмыс қызметін реттейтін нормативтік құжаттарға аударды. Бесмельдинова Динара Зейноллақызы, педагог-психолог «Инклюзивті білім беру жағдайындағы педагогтерді психологиялық қолдау» тақырыбында тренинг өткізді, педагог - психолог Санжарбек Ұлықбекұлы Абдужалилов «Аутист балалардының психокоррекциялық жұмысы» тақырыбында сөз сөйледі.

Семинарға қатысушылар 1 инклюзивті сыныптарда жұмыс істейтін жас мамандардың ашық сабақтарына қатысты. Педагог-ассистенттер Алдажарова Әйгерім Арманқызы, Жанзакова Сәуле Серікқызы АСБ бар балаларды ертіп жүрді, Олжабаева Жадыра Ерболсынқызы, Өреке Айсұлу Даниярқызы «Есепұшақпен саяхатқа шығу», «Ғарышты зерттеу» тақырыптары бойынша сабақтар өткізді. Шеберлік сабақтарын Герасимова Зарина Сергеевна, дефектолог, Нұрбаева Айжан Ерболатқызы, «Логопедия элементтерімен сенсорлық интеграция» тақырыбында логопед-мұғалім өткізді. Қазақ тілі және тарих пәні мұғалімдерінің шеберлік сағатының қатысушылар Әбілманова Салтанат Сайлауқызы, Есенқұл Ақаділ Кенжебекұлы «Қол моторикасын дамыту кітапшалары» тактильді кітаптар мен 3D кітаптарды әзірлеуге қатысты. «Мен пластикалық пакет емес!», «Шай - керемет эликсир» жобаларында бастауыш сынып мұғалімдері Кудрышева Меруерт Болатбекқызы, Коротаева Ольга Александровна оқушылармен бірге қонақтар табиғи материалдан эко сөмкелер жасауға, жеміс-жидек пен жасыл пайдалы фито-шайларының дәмін татуға қатысты.

Мектепте баланың жалпы мәдениетін арттыратын, балалар әдебиетімен, музыкамен, бейнелеу өнерімен, этикет ережелерімен таныстыратын театрландырылған іс-шараларға ерекше мән беріледі. Бастауыш сынып мұғалімдері Галиева Ксения Дмитриевна, Каретник Ольга Николаевна және Әлібекова Керімбала Тәнібергенқызы, Үмбетова Динара Қанатбекқызы «Ғажайыптар әлемі», «Үйшік ертегісі» қуыршақ театрларының қойылымдарын тамашалады.

Сондай-ақ, семинарға қатысушылар жас педагогтер мен «Самал» орталығының қатысуымен «Триумф» инклюзивті театрының «SOS жер» қойылымын тамашалады. Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарымен, жобалардың, театрдың, сыныптан тыс іс-шаралардың белсенді қатысушыларымен «Менім ерекше балам» диалогі өтті. Рефлексия еркін микрофон түрінде өтті. Қатысушылар сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралардың практикалық маңыздылығы, әдістемелік қоржынды инклюзивті тәжірибемен толықтыру үшін алғыстарын білдірді. Семинар қорытындысы бойынша педагогикалық ұжымға және мектеп педагогтеріне алғыс хаттар, сертификаттар табысталды.