ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Әдістемелік десант
01-02-2023 12:06
Әдістемелік десант

Әдістемелік сүйемелдеу және әдістемелік-дидактикалық көмек көрсету шеңберінде Павлодар қаласының білім беру бөлімі тұрақты негізде қаланың білім беру мекемелерінде бөлім күндерін өткізеді.  Кезекті іс-шара Павлодар қаласының Малайсары атындағы мектебінің базасында өтті.

Бөлім мамандары, әдістемелік кабинет әдіскерлері мектепке бару аясында мектеп басшыларына, пән мұғалімдеріне, әдістемелік бірлестіктердің басшыларына мектеп жұмысын жоспарлау және талдау және мектепішілік бақылау, әдістемелік кеңес пен пәндік секциялардың жұмысын жоспарлау технологиясы, тәжірибені жинақтау және тарату бойынша жұмысты ұйымдастыру, жас мамандармен педагог-тәлімгерлердің қызметі мәселелері бойынша консультативтік көмек көрсетілді.

Пән мұғалімдерінің назарына ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлауды ресімдеу, ТЖБ және БЖБ әзірлеу, модерация өткізу бойынша нормативтік талаптар жеткізілді.

Мектеп қызметкерлері үшін «Павлодар қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ филиалының төрағасы С. Ш. Сейітова және әдіскер Г. Ш. Шиндлярская жеке сұрақтар бойынша түсініктемелер берді. Атап айтқанда жұмыс берушінің ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына жағдай жасау және қолдау, мектеп кітапханашысының жалақысын есептеу, конкурстық негізде жұмысқа қабылдау ережелері мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.

Педагогикалық ұжыммен кездесу барысында педагогтерді аттестациядан өту және конкурс негізде жұмысқа қабылдау мәселелері бойынша түсініктемелер берілді: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату қағидалары туралы» № 513 бұйрығы, 2022 жылғы 30 желтоқсандағы «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу ережелері мен шарттары» № 533 бұйрық.

Барлық мәселелер бойынша педагогтерге ұсыныстар мен түсініктемелер берілді. Бөлімнің жоспарында әдістемелік десанттарды тұрақты негізде жүргізу қарастырылған.