ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектептері мұғалімдері байқауының қорытындысы
01-02-2023 12:55
Қала мектептері мұғалімдері байқауының қорытындысы

Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2023 жылғы 16 қаңтардан 27 қаңтарға дейінгі аралықта «Жыл мұғалімі - 2023» республикалық байқауының қалалық кезеңін өткізді. Мақсаты - мұғалімнің оң әлеуметтік және кәсіби имиджін қалыптастыру, педагогикалық инновацияларды қолдау, көтермелеу және педагогикалық жұмыс тәжірибесін жалпылау нысандарын жетілдіру.

Қалалық байқауға қатысу үшін № 2, 6, 7, 14, 17, 18, 21, 26, 27, 30, 33, 35, 36, 41, 43, Ш. Шөкин атындағы, Қ. Бекхожин атындағы, А. Шамкенов атындағы, Р. Нұртазина атындағы, С. Торайғыров атындағы 24 жалпы білім беретін мектептердің 29 мұғалімі өтініш білдірді, оның ішінде бастауыш сынып мұғалімдері - 9, ағылшын тілі - 2, тарих - 4, қазақ тілі мен әдебиеті - 5, логопедтер - 1, орыс тілі мен әдебиеті - 2, информатика - 2, физика - 2, музыка - 1, көркем еңбек - 1.

Байқауға қатысушылар: портфолио, үш бейне сабақ, сыныптан тыс іс-шара, эссе және өздері туралы бейнеролик ұсынды. Қазылар алқасы құрамында Павлодар облысы бойынша педагогикалық шеберлік орталығы филиалының, Павлодар қаласы білім беру бөлімінің өкілдері, қала мектептерінің мұғалімдері, «Үздік педагог» республикалық байқауының, «Жыл мұғалімі» облыстық байқауының жеңімпаздары болды, олар қатысушылардың кәсіби шеберлігін, жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында заманауи білім беру технологиялары мен әдістемелерін пайдалану дағдыларының бар екендігін атап өтті.

Байқаудың қорытындысы бойынша 12 қатысушы жүлделі орындарға ие болды. Бас жүлдені Кенжекөл ЖОМ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Марат Имангелдіұлы Жұмабеков иеленді.

I орынды Ерғалиев Қанағат Советұлы, № 2 ЖОМ тарих пәнінің мұғалімі, II орынды - Кульжанов Дауржан Қайыргелдіұлы, Ш. Шөқин атындағы мектептің тарих пәнінің мұғалімі, III орынды - Хамитова Әйгерім Рысбекқызы, Ж. Тәшенев атындағы мектептің бастауыш сынып мұғалімі иеленді.

«Шеберлік шыңына» номинациясы № 21 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Камила Рамазанқызы Ибраеваға, Ш. Шөкин атындағы мектептің бастауыш сынып мұғалімі Ольга Леонидовна Кузнецоваға, «Педагог зерттеуші» номинациясы - А. Шамкенов атындағы ЖОМ информатика мұғалімі Азамат Сағатұлы Жүнісовке, «Шығармашыл педагог» номинациясы №17 ЖОМ физика пәнінің мұғалімі Литвиненко Ольга Васильевнаға берілді.

Байқаудың лауреаттары: №21 ЖОМ ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Наталья Вячеславовна Буцыгина, А.Байтұрсынов атындағы ЖОМ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әсел Әбілқайырқызы Бопышева, № 6 ЖОМ логопеді Айгүл Жылқыбайқызы Жұумадиева, Жетекші ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Гүлназ Орынғазықызы Орынғазиева.

Жүлделі орындарға ие болған мұғалімдер ақпан айында байқаудың облыстық кезеңіне қатысады.