ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық байқаудың жеңімпаздары
02-02-2023 09:32
Республикалық байқаудың жеңімпаздары

Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің қосымша білім берудің республикалық оқу-әдістемелік орталығы «Менің жерім-менің елім республикалық қашықтан жас суретшілер байқауының қорытындысын шығарды.  Байқауға 2022 жылдың қазан айында Павлодар қаласындағы Балалар көркемсурет мектебі - ЮНЕСКО клубының 40 оқушысының жұмысы жіберілді. Байқау «Балалық шақ әлемі», «Мен білетін Қазақстан», «Менің арманым», «Туған өлкенің табиғаты» номинациялары бойынша, 7 10 жас, 11 14 жас, 15 17 жас аралығында өтті.

Байқау қорытындысы бойынша желтоқсан айында Павлодар мектебінің 16 оқушысы жүлделі орындарға ие болды.

5 оқушы байқау жеңімпаздары атанды. «Велосипедпен серуен» жұмысы үшін Фарида Абдиева, 11 жаста, «Жаңбыр серуенге кедергі емес» жұмысы үшін Мерей Амангелді, 12 жаста, Элина Литвиненко, 11 жаста, «Баянауылда» жұмысы үшін, «Туған жерлер» жұмысы үшін Аружан Сарбасова, 14 жаста, Александра Шароварова, 14 жаста, «Пикник» жұмысы үшін жеңіпаз атанды. Жетекшілері Екатерина  Александровна Одарчук,  Инна Владиславовна Масленникова Анна Валерьевна, Аткина, Наталия Владимировна Решетова, Шамиль Рахымбекович Шушаев.

Байқаудың жүлдегерлері мектептің 10 жас суретшісі болды. II орынды Арина Хасанова, Дарья Лозбина, Каролина Прокошева, София Узденская, Елизавета Шишкина, 12 жаста, Саида Сагындыкова, Софья Герасименко, Дарья Федотова, 13 жаста, Эвелина Сивак, 14 жаста, Эльмира Димисинова, 15 жаста, иеленді.  III орынды Мария Соколова, 12 жаста, иеленді. Олардың жұмыстары «Шуақты күн», «Құмдағы қамал», «Музыкалық дуэт», «Түнгі ертегілер», «Ойын алаңында», «Жазда өзенде», «Саяхатшылар», «Жануарларға деген сүйіспеншілік», «Қала саябағындағы жексенбі күні».

- «Барлық жұмыстар әр түрлі кескіндеме және графика техникасында орындалған. Оқушыларымыздың жұмыстары жарқын бояумен және жұмыстың айқындылығымен, сондай-ақ композициялық шешімнің сюжеттерін жеткізудегі мағыналылығымен ерекшеленді», - дейді мектеп басшысының орынбасары Инна Владиславовна Масленникова оқушылардың жетістігі туралы.