ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Елімнің тілін үйренудеміз
02-02-2023 10:36
Елімнің тілін үйренудеміз

Мойылды ауылының № 47 сәбилер бақшасында мектепке дейінгі мекемелердің педагогтері мен тәрбиеленушілері арасында «Қазақ тілі - болашақ тұғыры»  атты байқау ұйымдастырылды. Байқауға № 15, 20, 36, 47, 117 сәбилер бақшаларының педагогтер мен тәрбиеленушілер құрамдары қатысты.

Байқаудың  мақсаты: мемлекеттік тілді оқитын педагогтар мен балаларды қолдау, сөйлеу мәдениетін, ана тіліне құрмет пен мақтаныш сезімін ояту.

Сайыс бес кезеңнен тұрды: балабақша презентациясы, балалар арасында  өлеңді мәнерлеп оқу, қазақтың халық ертегілерін сахналау, тіл ұштау, шығармашылық дағдыларының презентациясы.

Шара барысында педагогтер өз педагогикалық біліктілігі мен шығармашылық шеберлігін көрсете алды. Ертегіні сахналау кезінде балалар артистік қабілеттерін көрсетуге тырысты. № 117 сәбилер бақшасының тәрбиеленушілері «Дос іздеген бота» халық ертегісін сахналап, мәнерлі ойынымен көзге түсті. № 20 сәбилер бақшасының өзге ұлтты бүлдіршіндері «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» қазақ ертегісін сахналауда мемлекеттік тілді менгерудің жоғары деңгейімен  тәнті етті. № 47 сәбилер бақшасының балалары «Тоқты мен серке» қазақ ертегісінің желісі бойынша қойылымда тапсырманы дербес орындауымен таңқалдырды. Байқаудың ең кішкентай қатысушылары - № 36 сәбилер бақшасының бүлдіршіндері жануарлар туралы «Түлкі мен тышқан» халық ертегісін сахналады. № 15 сәбилер бақшасының тәрбиеленушілері «Қазақстан мақтанышы» заманауи балалар ертегісін Астана қаласына саяхаттау түрінде сахналады.

Сайыс нәтижесінде I орынды  Мойылды ауылының № 47 сәбилер бақшасы иеленді, II орын - Кенжекөл ауылының № 20 сәбилер бақшасы, III орын - Павлодарский ауылының № 117 сәбилер бақшасы. Конкурсқа қатысушылар білім беру бөлімінің мадақтамаларымен, сертификат және сыйлықтармен марапатталды.