ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Педагогтердің құқықтарын қорғауда
02-02-2023 10:49
Педагогтердің құқықтарын қорғауда

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің және «Павлодар қалалық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес 2023 жылғы 31 қаңтар мен 1 ақпанда Малайсары батыр атындағы, Ленин кентінің № 31, 32, 33 мектептерінің педагогикалық ұжымдарымен кездесулер өткізілді, онда 183 педагог қатысты.

«Павлодар қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ филиалының төрағасы С. Ш. Сейітова Еңбек Кодексін, ұжымдық шарттарды сақтау, педагог мәртебесі туралы заң талаптарын мүлтіксіз сақтау, көп балалы аналар мен мүгедек балалары бар ата-аналарды әлеуметтік қорғау шараларын қамтамасыз ету, конкурстық негізде жұмысқа қабылдау ережелері мәселелері бойынша түсініктемелер берді және мектеп қызметкерлерінің нормаланған жұмыс режимін қамтамасыз ету бойынша түсініктеме берді.

Педагогикалық ұжыммен кездесу барысында әдіскер Г. Ш. Шиндлярская педагогтердің аттестациядан өтуі және конкурс негізде жұмысқа қабылдау мәселелері бойынша түсініктемелер берілді: Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату қағидалары туралы»  № 513 бұйрығы, 2022 жылғы 30 желтоқсандағы «Педагогтерді аттестаттаудан өткізу ережелері мен шарттары» № 533 бұйрық.

Мектеп қызметкерлері үшін жеке мәселелер бойынша қабылдау өткізілді, оған 26 педагог жазылды. «Павлодар қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ филиалының төрағасы С. Ш. Сейітова және әдіскер Г. Ш. Шиндлярская 20 өтініш бойынша түсініктеме берді, 6 мәселені шешу үшін бақылауға алынды.

«Павлодар қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ филиалы мен білім беру бөлімінің жоспарында қаланың барлық педагогикалық ұжымдарында кездесулер өткізу жоспарланған.