ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар педагогтарының инновациялық педагогикалық жұмыс тәжірибесі
03-02-2023 09:53
Павлодар педагогтарының инновациялық педагогикалық жұмыс тәжірибесі

   Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті 2023 жылғы 31 қаңтарда № 7 жалпы білім беретін мектепте «Инновациялық педагогикалық тәжірибе - 2022» қалалық бай0ауының II сараптамалық кезеңін өткізді. Мақсаты - педагогтердің әлеуметтік және кәсіби имиджін қалыптастыру, шығармашылық педагогикалық инновацияларды қолдау.

    Байқау спикерлері жоғары оқу орындарының ғалымдары, Павлодар облысы бойынша білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының «Өрлеу» БАҰО АҚ сертификатталған жаттықтырушылары, қаланың жалпы білім беретін мектептерінің тәжірибелі педагогтері болды. Байқауға қатысушылар өздерінің шығармашылық инновациялық оқу-әдістемелік жұмыстарын, оқу бағдарламаларын, пәндер бойынша оқу құралдарын ұсынды.

     Бірінші іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша қазан айында 69 қатысушының ішінен екінші сараптамалық кезеңге 7 бағыт бойынша 40 педагог өтті. Қоғамдық, гуманитарлық, бастауыш білім беру, физика-математикалық, жаратылыстану-ғылыми, мектепке дейінгі, мектептен тыс оқыту. Екінші турда қатысушылар өз жұмыстарын көпшілік алдында қорғады.

   Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша сараптамалық комиссиямен 21 педагогтың жұмысыанықталды, оның ішінде 5 педагог 3, 8, 24, 49, 82 сәбилер бақшасы және 15 жалпы білім беретін мектеп № 24, 15 30 35, 39, А. Байтұрсынов атындағы, Б. Момышұлы атындағы, Қ. Мақпалеев атындағы, М. Әуезов атындағы, 1 педагог балалар мен жасөспірімдер экология және туризм орталығы. Осы жұмыстар байқаудың облыстық кезеңіне бағытталатын болады. Педагогтердің жұмыс тәжірибесі қалалық деңгейде «Педагогикалық тәжірибе - 2022»  электрондық нұсқада жинақталып, қала мектептеріне таратылатын болады.