ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Педагогтермен кездесулер
06-02-2023 09:52
Педагогтермен кездесулер

Павлодар қаласы білім беру бөлімінің және «Павлодар қалалық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы» ҚБ бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес 2023 жылғы 3 ақпанда № 46 және Жетекші мектептерінің педагог ұжымдарымен кездесулер өтті, оған 76 педагог қатысты.

Педагог ұжымдармен кездесу барысында әдіскер Г. Ш. Шиндлярская ҚР оқу-ағарту Министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидалары туралы» № 513, 2022 жылғы 30 желтоқсандағы «Педагогтерді аттестациядан өткізу қағидалары мен шарттары» № 533 бұйрықтарында баяндалған педагогтерді аттестациядан өткізу мәселелері бойынша және конкурстық негізде жұмысқа қабылдау қағидалары туралы бұйрықтарға түсініктемелер берді.

Педагогтерге Еңбек Кодексін, ұжымдық шарттарды сақтау, педагог мәртебесі туралы заң талаптарын мүлтіксіз сақтау, тиісті емес функцияларға тартпау және қызметкерлердің нормаланған жұмыс режимін қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсініктемелер берілді.

Жалпы орта білім беру секторының меңгерушісі Ш. Б. Асаинова мектеп әкімшілігіне педагогтің бос лауазымына орналасуға конкурстар өткізу, педагогтерді аттестаттау және конкурстар өткізу бойынша құжаттамаларды ресімдеу туралы ұсынымдар берді.

Мектеп қызметкерлері үшін жеке мәселелер бойынша қабылдау өткізілді, оған 14 педагог қатысты. Өтініштердің барлық сұрақтары бойынша жауаптар мен ұсынымдар берілді. Педагог ұжымдарға түсіндіру жұмыстары жалғасатын болады.