ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Мектептегі патриоттық тәрбиенің рөлі
06-02-2023 10:21
Мектептегі патриоттық тәрбиенің рөлі

   Патриоттық тәрбие беру мақсатында Павлодар қаласының №36 экологиялық бағыттағы мектебінде мектептің Жауынгерлік даңқ мұражайында Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметоваға арналған сабақ өтті. Мақсаты - адамгершілік-патриоттық тәрбие, адамдардың, Отан қорғаушылардың өмірі мен ерліктері туралы тарихты білу. 7 - 8 сынып оқушыларының 70-тен астамы қатысты.

   Сабақтың модераторлары мектеп мұражайының жетекшісі, тарих пәнінің мұғалімі Сәлімов Жанат Сапашұлы, оқушы-экскурсия жетекшілері болды.Олар өз сөзінде Қазақ халқы Мәншүк-батыр деп атайтын аңызға айналған қыз туралы айтып берді. Халық жадында ол ерлігі өлмес19 жасар пулеметші қыз болып қала берді. 1943 жылы Беларуссиядағы Невель қаласы үшін шайқаста Мәншүк жетпістен астам фашистік сарбаздар мен офицерлерді жойып, өлімші болып жараланды. Мәншүктің Кеңес Одағының Батыры атағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 1 наурыздағы Жарлығымен қайтыс болғаннан кейін берілді.Ол осы жоғары марапатқа ие болған Қазақстанның алғашқы қызы болды.

 - Бүгін Ұлы Жеңістің мәнін бағалай отырып, біз Мәншүк жанын қиған бағаның шамасын жауапкершілікпен түсінеміз. Біз отандасымыздың ерлігін мақтан тұтамыз, оның ерлігі өскелең ұрпақ үшін үлгі болып табылады, - деп атап өтті Жанат Сапашевич өз сөзінде.

    Патриоттық сабақта қатысушылар тарих бойынша білімдерін толықтырып, сұрақтарына жауап алды.

  - Мәншүк шын мәнінде бүкіл Қазақстан халқының мақтанышы, барлығымыз үшін, өскелең ұрпақ үшін отансүйгіштіктің, Отанымыздың тәуелсіздігі үшін ерлік ісінің үлгісі болып табылады, - деп атап өтті 7-сынып оқушысы Ануфриева Софья.

    Ел батырларының батылдығы мен ерліктеріне арналған сабақтар мектепте жалғасатын болады.