Павлодар қаласының № 39 жалпы орта білім беру мектебінде № 16 ЖОМ әскери жетекшісі Естай Әлібекұлы Әлібековті еске алуға арналған әскери-спорттық эстафета өтті. Мақсаты - патриоттық тәрбие беру, әскери іс дағдыларын, спортпен шұғылдану, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 10 - 11 сыныптарының 120 оқушысынан тұратын 24 команда қатысты.
Қатысушылар АК-74 бөлшектеу және құрастыру, үйретуге арналған патрондарды разрядтау және жабдықтау, оқ-жарақтар салынған қорапты жер бауырлап тасымалдау арқылы кедергілерді еңсеру, жәбірленушіні зембілмен тасымалдау бойынша жарысты.
Эстафета қорытындысы бойынша жалпы командалық I орынды № 39 ЖОМ командасы, II орынды Кенжекөл ЖОМ командасы, III орынды № 35 ЖОМ командасы иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің грамоталарымен және медальдерімен марапатталды. Жарыстың бас төрешісі оқытушы-алғашқы әскери технологиялық дайындықтың ұйымдастырушысы Оразалинов Ринат Өтегенұлы.