ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
3 - 4 сынып оқушыларының математикалық олимпиадасы туралы
14-02-2023 15:29

Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту  орталығымен 2023 жылғы 24 ақпанда сағат 14.00-де № 7 ЖОМ (Жеңіс алаңы, 13) 3 - 4 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» қалалық математикалық олимпиадасы  өткізіледі.

Мақсаты-оқушыларды жоғары деңгейдегі зияткерлік жарыстарға дайындау, математикадан дарынды балаларды қолдау.

Павлодар қаласы мектептерінің 3 - 4 сыныптарынан 203 оқушы қатысады.

Олимпиадалық тапсырмалар екі бөлімнен тұрады - 10 тапсырмадан тұратын тест тапсырмалары, әрбір дұрыс жауап үшін 5 ұпай, жалпы ұпай  саны 50 ұпай және 10 берілген тапсырмадағы олқылықтарды толтыру. Әрбір дұрыс жауап үшін 5 ұпай, жалпы ұпай саны 50 ұпай беріледі.

Екі бөлімнің жалпы уақыты - 60 минут, қорытынды нәтиже - 100 ұпай. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Павлодар қаласы білім бөлімінің дипломдарымен марапатталады.

 

Павлодар қаласының білім бөлімі