Павлодар қаласының білім беру бөлімі 2023 жылғы 10 - 21 шілде аралығында Павлодар қаласының мектепке дейінгі ұйымдары арасында «Жасыл желек» атты қалалық байқауды ұйымдастырады.
Байқаудың мақсаты - тәрбие-білім беру үдерісінің тиімділігін арттыруға, қала бала бақшаларында жазғы сауықтыру демалысын ұйымдастыруға ықпал ететін мектепке дейінгі мекеме телімдерінің эстетикалық жағдайын жақсарту.
Байқаудың ережесі бойынша балабақшалар:
- байқауға қатысу үшін өтінімді;
- телімнің паспортын;
- қысқаша сипаттама, презентация;
- фотосуреттерді ұсынулары қажет.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің грамоталарымен марапатталады. Байқау жеңімпаздары облыстық кезеңге қатысады.
Павлодар қаласының білім беру бөлімі