ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Елбасы Жолдауының жүзеге асырылуы
08-06-2011 03:43
Елбасы Жолдауының жүзеге асырылуы

 

 

2011 жылғы  1 маусымда – Халықаралық балаларды қорғау күні қаламыздың жас тұрғындары үшін екі балабақша есіктерін айқара ашты: 100 орындық құрама үлгідегі  № 26 сәбилер бақшасы және жобалық қуаты 140 орындық № 18 сәбилер бақшасы.

№ 26 сәбилер бақшасында жалпы дамыту топтарымен қоса тіл кемістегі бар балаларға арналған екі логопедтік топ ашылды.

Бұл екі мектепке дейінгі мекемелер 240 –тан астам бүлдіршіндерді мектепке дейінгі білім беру және тәрбиемен  қамтамасыз етеді және қосымша 70  жұмыс орындарымен қамтуға мүмкіндік берді.

            Балабақшада балалардың жеке дара және шығармашылық қабілетін дамыту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған және балаларды сауықтыруға арналған ән-күй залы, медициналық кабинет, ас үй бөлігі мен кір жуатын бөлмелер бар, балабақшаның аланы көріктендірілген, көленке шатырлары мен шағын формалар орнатылған.

Балабақшалардың салтанатты ашылу рәсіміне Павлодар қаласының әкімі             Б. Т. Жоламанов қатысты.