Құрметті ата-аналар!
Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау өтінімдері ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап қабылданатынына назар аударуларыңызды сұраймыз.
Өтініштерді қабылдау eGOV порталы арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады.
Өтініш беру үшін барлығы 3 құжат қажет:
Баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны).
Егу паспорты (063 / у нысаны).
Көлемі 3х4 сандық фотосурет.
Өтініштер 31 тамызға дейін қабылданады.
Барлық сұрақтар бойынша 301491 нөміріне хабарласуға болады.
Павлодар қаласы білім беру бөлімі