Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Қала мектептерінің 9 - 11 сынып оқушылары арасындағы гуманитарлық олимпиада туралы
02-09-2024 10:58

2024 жылғы 5 қыркүйекте Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы Павлодар қаласындағы ауылдық аймақ мектептердің 9 - 11 сынып оқушыларына арналған V облыстық гуманитарлық олимпиаданың қалалық кезеңін өткізеді.

Мақсаты - адамгершілік-эстетикалық даму мен тәрбиенің көрсеткіші болып табылатын оқу мәдениетін қалыптастыру, ұлттық тарих пен әдебиетке танымдық қызығушылықты арттыру.

Олимпиада екі турда өтеді.

I турда оқушылар 25 тест тапсырмасын орындайды-Қазақстан тарихы бойынша  және қазақ әдебиеті бойынша.

II турда оқушылар ұсынылған үш тақырыптың біріне эссе жазады.

Қазылар алқасының құрамында қаланың жоғары оқу орындарының оқытушылары жұмыс істейтін болады.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер қалалық білім бөлімінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен марапатталады.

Жеңімпаздар олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысады.

 

                                                                                  Павлодар қаласының білім бөлімі