ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала оқушылары арасындағы пікірсайыс турнирі туралы
05-09-2024 12:15

2024 жылғы 11 - 12 қыркүйекте Малайсары батыр атындағы мектепте 9 - 11 сынып оқушылары арасында екі лигада республикалық пікірсайыс турнирінің қалалық кезеңі өтеді. Мақсат -  білім алушылардыңбойында азаматтық ұстанымды, өзінің және қоғам алдында өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті қалыптастыру, елде байқалатын өзекті жағдайларды талдау және жариялы талқылау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту. Ұйымдастырушы - Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын  дамыту орталығы.

Турнир жаңа Дүниежүзілік мектеп пікірсайыс форматы WSDC (World Schools Debate Format) бойынша өтеді - 1998 жылы Австралияда мектеп пікірсайысы бойынша чемпионат өткізу үшін арнайы құрылған британдық парламенттік және Аустралиялық-азиялық пікірсайыс форматтарының комбинациясын білдіреді.

Жеңімпаздар Павлодар қаласы білім беру бөлімінің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен марапатталады. Екі лигадағы ойындардың қорытындысы бойынша төрешілер алқасы республикалық турнирдің облыстық кезеңіне қатысуға құқық алатын үздік спикерлерден құрама командалары қалыптастырылады.

 

Павлодар қаласының білім беру бөлімі