ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Ақберен» республикалық өнер байқауының қалалық кезеңі туралы
23-09-2024 18:37

2024 жылғы 26 қыркүйекте «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы Павлодар қаласының шығармашыл оқушылары арасында «Ақберен» республикалық өнер байқауының қалалық кезеңін өткізеді.

Мақсаты  8 - 11 сынып оқушыларының гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласындағы кәсіби қызметті таңдауға, өлең жазуға, тапқыр талантты ашуға, шығармашылық қабілеттерін анықтау (поэтикалық, шешендік шеберлік, түрлі ұлттық аспаптарда ойнау).

Конкурс алты номинация бойынша өткізіледі «Ақындар мүшәйрасы», «Ақындар айтысы», «Шешендік, білгірлік сайысы», «Ұлттық аспапта өнер көрсету», «Эссе жазу», «Көркем сөз оқу».

Бірінші орын алған қатысушылар ағымдағы жылдың қазан айында өтетін «Ақберен» республикалық  өнер байқауының облыстық кезеңіне қатысады.

                     

Павлодар қаласының білім бөлімі