Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас тарихшылардың қалалық конкурсы туралы
01-10-2024 12:40

2024 жылғы 8 қазанда сағат 10.00-да «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» атты VІІ Республикалық интеллектуалдық конкурсының қалалық  іріктеу кезеңін өткізеді.

Жыл сайын туған жер тарихына қызығушылық танытатын талантты оқушыларды анықтап, олардың шығармашылық қабілетін, қоғамдық белсенділігін дамытуға, өскелең ұрпақтың бойына ұлтжандылықты қалыптастыру, өзінің туған өлкесінің тарихын және құндылықтарын мақтаныш сезіммен жеткізуге бағыттау мақсатында өткізеді.

Конкурс 2 кезеңде өтеді - оқушылардан Қазақстан тарихы пәнінен тест алынады, 4 номинация бойынша жобаларын қорғайды: «Менің шағын Отанымның тарихы», «Шағын Отанымның символы» бейнетрансляция, «Менің шағын Отанымның болашағы» нысан-макетін дайындайды және «Менің туған өлкем» тақырыбына эссе жазады.

Конкурс қорытындысы бойынша оқушылар Павлодар қаласының білім беру бөлімінің дипломдарымен марапатталады. Бірінші орынға иеленген оқушылар 2024 жылдың 16 қазанында өтетін конкурстың облыстық кезеңіне қатысады.

 

Павлодар қаласының білім беру бөлімі