ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жалпы білім беретін пәндер бойынша қалалық ғылыми жобалар конкурсы туралы
10-10-2024 18:58

2024 жылғы 15 қазанда сағат 10.00-де  А. Бөкейхан атындағы мектеп-лицейінің базасында Павлодар қаласы білім бөлімінің «Павлодар дарыны»  бос уақытты қамту жәнебалалардың дарындылығын  дамыту орталығымен  жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңі өткізіледі. Мақсаты – талантты зерттеушілерді қолдау, түрлі деңгейдегі байқауларға қатысу үшін зияткерлік әлеуеттіқ алыптастыру.

Конкурсқа қатысу үшін қаланың 35 жалпы білім беретін мектебінің 8 - 11 сыныптарының 243 зерттеушісі 224 жұмыс ұсынды, оның 19-ы Қазақстан Республикасының Білім Министрлігі бекіткен 4 бағыт бойынша командалық жұмыс. «Ғылыми-техникалық прогресс - экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде» секциялар бойынша - физика, техника, жер және ғарыш туралы ғылым.

 «Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу» секциялары бойынша - математика, қолданбалы математика, экономика, информатика.

«Салауатты табиғи орта «Қазақстан - 2050» стратегиясын іске асырудың негізі секциялары бойынша - биология, химия, қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы.

«Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалы туристік маршруттар» секциялары бойынша - тарих, өлкетану, этномәдениеттану, әдебиет, тіл білімі, адам және  қоғам.

1 және 2 орын алған жеңімпаздар мен жүлдегерлер қараша айында облыстық іріктеу кезеңіне қатысады.

Павлодар қаласының білім бөлімі