Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық профилактикасы және балалар қараусыздығы мен панасыздығын алдын ала ескерту
27-07-2011 10:50

2007 жылғы 20 сәуіріндегі № 319 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген, 2007-2009 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бағдарламасы және жыл сайынғы 2005-2007 жылғы мемлекет Басшысының Қазақстан халқына жолдауларының іске асыру бойынша Жалпыхалықтық негізгі іс-шаралар жоспарын орындау жөніндегі іс шаралар Жоспарының 170 тармағын орындау мақсатында, сонымен қатар 2008 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобасы жұмыстар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігімен, Қазақстан Республикасының «Балалар қараусыздық профилактикасы және кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу сұрақтары жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне қосымша енгізу және өзрету туралы» Заңы құрастырылған.

Қазіргі уақытта ойын-сауық мекемелерінде кәмелетке толмағандар жасайтын құқыққа қарсы әрекеттер деңгейі өсті.

Осыған байланысты, Заңда балалар қараусыздығының профилактикасы және кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықты алдын ала ескертуіне бағытталған құқықтық шаралар жиынтығы қарастырылған, сонымен қатар:

1.    заңды өкілдердің қарауынсыз түнгі уақытта (22.00-ден 06.00-сағатқа дейін) ойын-сауық мекемелеріне кәмелетке толмағандардың баруына шектеу енгізіледі;

2. ойын-сауық мекемелеріне кәмелетке толмағандарды кіргізген, ойын-сауық мекемелердің лауазымды тұлғаларына әкімшілік жауапкершілік орнатылады;

3. ойын-сауық мекемелерінде кәмелетке толмағандар болғаны үшін ата-аналарға әкімшілік жауапкершілік орнатылады;

4. қанғырушылықпен және қайыршылықпен айналысуға балаларды қатыстырғаны үшін ата-аналарға әкімшілік жаза орнатылады;

5. кәмелетке толмағандарды құқық бұзушылық жасауға қатыстырған тұлғалармен жеке профилактикалық жұмыстар өткізу қарастырылған.

 

111-бап. Ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдерінің балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы

 

1. Ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдерінің кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оқыту жөнiндегi мiндеттердi дәлелдi себептерсiз орындамауы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң алтыданбестен онға дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған, кәмелетке толмағандардың алкогольдік iшiмдiктердi, есiрткi құралдарын және психотроптық заттарды ұдайы қолдануына не қаңғыбастықпен немесе қайыршылықпен айналысуына әкеп соққан iс-әрекеттер, сол сияқты олардың қылмыс немесе қасақана әкiмшiлiк құқық бұзушылық белгiлерi бар әрекеттер жасауы, -

ата-аналарға немесе басқа да заңды өкілде­ріне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

111-1-бап. Кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тарту

 

1. Кәмелетке толмаған адамды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тарту, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -

айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, -

айлық есептік көрсеткіштің жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.

 

112-1-бап. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру

 

1. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру, –

ойын-сауық мекемелерінің лауазымды адамдарына – бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъек­тілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік су­бъек­тілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, –

ойын-сауық мекемелерінің лауазымды адам­дарына – жиырма, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – елу, қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұрып, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген әкім­шілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір жыл ішін­де қайталап жасалған нақ сол іс-әрекеттер, –

ойын-сауық мекемелерінің лауазымды адамдарына – отыз, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – алпыс, қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұрып, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

336-3-бап. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы

 

1. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері­нің ертіп жүруінсіз түнгі уақытта (сағат 22-ден таң­ғы 6-ға дейін) ойын-сауық мекемелерінде болуы, –

заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, –

заңды өкілдеріне айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

336-4-бап. Заңды өкiлдерi еріп жүрмеген кәмелетке толмағандардың тұрғын жайдан тыс жерлерде болуы

 

1. Заңды өкiлдерi еріп жүрмеген кәмелетке толмағандардың тұрғын жайдан тыс жерлерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн болуы -

заңды өкiлдерiне ескертуге әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекет -

заңды өкiлдерiне бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

 

       Павлодар қ. ІІБ КІБ бастығы, 

       Павлодар қ. әкім аппаратының кәмелетке толмағанадар істері

       және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшесі

       Евгений Викторович Оскома.